Қазыбаев көшесі неге қап-қараңғы?

Біз тұрып жатқан «Құлагер» ықшамауданында Қазыбаев деп аталатын көше бар. Атақты тұлғаның атында. Күндіз әлгі көшенің бойы түрлі көліктерге толып кетеді. Кәдімгі көшеге ұқсайды. Ал кеш түсіп, түн қоюланғанда бұл көшеге жолыңыз түсе көрмесін. Өйткені, қап-қараңғы көшеде жүру өте қауіпті. Тіпті, қатты келе жатқан көлік қағып кетуі де әбден мүмкін. Сондықтан бұл көше туралы жергілікті жауапты салалар неге бір сәт ойланбайды екен деп қапаланамыз.

Қазір бұл көшенің бойына №17, №56, №123 автобустар арнайы бұрылып келіп тоқтайтын болған. Аялдама атымен жоқ. Қараңғы көшенің бойына көлігін қоя салатын тұрғындардың талай мәрте көлік­терінің тоналғанын естіген едік. Бір қара­ғанда, Қазыбаев көшесі соншалықты ұзын да емес. Оның бойына әр жерден болса да үш-төрт бағана қағып жарық қойып берсе болар еді. Қазір қап-қараңғы көшенің тұрғындарының бар әңгімесі – «жарық қашан орнатылар екен» дейтін болған.

 

«Құлагер» ықшамауданының тұрғындары.  

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *