Қазақстан жолдары әлемдік стандарттар деңгейіне жауап беретін болады

Байыптама

 «Қазақстанның жағдайыныңтүзелгені – жолының түзелгені».

                                                                     Н.Ә. Назарбаев

 

Егер біз еліміздің географиялық картасын алып қарайтын болсақ, өрмекшінің торындай бір-бірімен ұштасып жатқан   айқұш-айқұш  жолдарды көреміз. Сол жолдар –  ұлан-байтақ еліміздің Батысы мен Шығысын, Солтүстігімен Оңтүстігін, ірі қалалар, елді мекендер, өндіріс орталықтарын өзара   түйістіріп жатыр. Сол жолдармен түрлі  халық  шаруашылығы  тауарлары  мен жолаушылар тасып жатқан көлік құралдарының  толассыз ағынын  көресің! Осыдан барып «Жол – ел экономикасының күре тамыры» деген ешқандай да әсіре бояуы жоқ, тек ақиқаттан ғана туған қанатты сөздіңмағынасы ашыла түскенін  байқайсың.

 9-шы  территория

Дүниежүзілік экономикалық  форумның  деректеріне  көз  салсақ, Қазақстан  жол  сапасы  жағынан  әлемде  108-ші  орынды  иеленген. Әрине,  әлемнің  200-ден  астам  мемлекеті  арасында   жер  көлемі  жөнінен  тоғызыншы  территория  аталатын еліміздің  алып  аймағын ескерсек,  бұл  жаман  көрсеткіш  емес.  Ұлы  даланың  осынау  алып  аймағын, әлемдік  стандарттарға  сай,    сапалы  жолмен  қамтамасыз  ету оңай  болмасы  анық. Десек  те,  әлемнің  30  елінің  қатарынан  табылу  үшін,  еліміз  жолшылары  жоғары  деңгейден  табылары  белгілі.

Автомобиль жолдары –еліміз Қазақстанның көлік және байланыс кешенінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Жолдардың тиімді жұмыс жасауы менқарқынды дамуы ел экономикасыныңөсуіне, ұлттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей  зор әсерін тигізеді.

Көлік жүйесі – Қазақстан инфрақұрылымының негізгі бір бөлігі және ел экономикасының даму деңгейіне елеулі әсер етеді. Республиканың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 96 мың шақырым.  Соның ішінде республикалық жол – 23,7 мың  шақырым, жергілікті жол – 72,8 мың  шақырымды  құрайды.

Жыл сайын көлік саласы ЖІӨ құрылымында өсімнің оң қарқынын көрсетеді. 2016 жылы көлік секторының үлесі 8,2 пайызды құрады. Тиімді көлік-логистикалық желілер ел ішіндегі өнеркәсіптік орталықтарды жақындату арқылы ҚР индустрияландыру процесін жылдамдатуға ғана емес, сонымен қатар өңірлік   ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі кіруі үшін тыңғылықты  база құруға да қабілетті.

Жол – Қазақстанның стратегиялық тиімді географиялық жағдайы транзиттік мүмкіндіктерді белсенді іске асыру есебінен едәуір табыс көзіне  айналып  отыр.

Көлік саласы мен транзитті дамыту «Қазақстан – 2050» стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарының бірі. 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көлік саласын және жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.  Осыған  сай,   заманауи көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және оның халықаралық жүйеге кірігуін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын және Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қолға  алынды.  Осыған  мақсатта  2016 жылғы желтоқсанда ҚР көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы  қолға  алынды.

Жалпы, көлік жолдарын жаңарту мақсатында 2010 жылдан бастап, қайта құру жұмысы жүргізіліп, 5 мың   шақырымға   жуық республикалық маңызы бар автомобиль жолы күрделі жөндеуден өткен.

Әр елдің, бәрімізге белгілі, ішкі және сыртқы саясаты болады. Ел экономикасының аса маңызды саласы ретінде жол шаруашылығы ішкі және сыртқы саясатта да маңызды орын алады. Автомобиль жолдары ел ішіндегі тасымалдарды ғана қамтамасыз етіп қоймай, еларалық көлік байланыстарын да жүзеге асырып отырады.

Ресми деректерге жүгінсек, 2003 жылы Қазақстанда барлығы 1,4 миллионға жуық автомобиль, оның ішінде шамамен 214 мың жүк және 1,1 миллион жеңіл автомобильдер тіркелген. Яғни, республика бойынша әрбір 1 көлік құралы тіркелген.Жалпы пайдаланудағы   жолдардың әр шақырымына да орташа есеппен 15 автомобильден  келеді екен.

Қолымызға әлем картасын алып қарайтын болсақ, Қазақстанның алып Еуразия құрлығының ортасында жатқанын көреміз. Ел ішіндегі жолдардың көршілес жатқан елдердің жолдарымен жалғасып жатқандығын, ал өз алдына көршілес елдердің жолдырының әріде орналасқан елдердегі жолдармен ұштасатындығын байқаймыз. Яғни, автомобиль жолдарының еларалық маңызының болатындығын, оның еліміздің экономикасына тигізер пайдасының сыртқы саясатқа да көп байланысты екендігін аңғарамыз. Қазақстанның оңтайлы географиялық орнын жол саласында тиімді пайдалану еліміздің экономикасына өзінің зор үлесін қосады. Атап айтқанда, Азия – Еуропа қатынасындағы қалыптасып келе жатқан трансконтиненттік көлік магистралдарының көбінің құрамына еліміздегі бүгін қолда  бар бірнеше автомобиль жолдарын енгізу арқылы халықаралық көліктік тасымалды жүзеге асыру негізінде қомақты қаржы табуға болады  екен. Сол себепті «Батыс –Шығыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарындағы көліктік магистралдарды жетілдіру мәселесі жол саласының күн тәртібінде тұр. Осы  мақсатта  күрделі  жұмыстар  жүргізілуде.

 Транзиттік  тасымалдар  артып  отыр

Қазақстанда жол саласын дамытуды мемлекеттік тұрғыдан реттеу мен басқару мақсатыңда  Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаевтың тікелей ұсынысымен және қадағалауымен 2001 жылы аса маңызды үш мемлекеттік құжат қабылданды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы жобалардың сәтті іске асырылуы 2020 жылға дейін келесі міндеттерге қол жеткізуді көздейді: 7 мың   шақырым жолды қайта құру және салу, 6,5 мың шақырым жолды ақылы ету  шаралары  қолға  алынып  отыр. Бұл  орасаң  зор  жұмыс.

Көлік инфрақұрылымын жаңарту және логистиканы дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру бүгіннің өзінде өз нәтижелерін көрсетуде. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі едәуір ұлғайды.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша өткен  жылдар аралығында жалпы ұзындығы бірнеше он  мың шақырымнан астам автомобиль жолын қайта салу мен жөндеуден өткізу жоспарланып,  ол  жұмыстар  сапалы  атқарылды.

Аталған зандық құжаттар жол саласындағы барлық техникалық, экономикалық, қаржылық, экологиялық, заңдық және т.б. мәселелерді реттейді.

Жол саласын дамыту бағдарламасында транзиттік көлік тасымалын жандандыруға көп көңіл бөлініп отыр. Транзиттік көліктің көмегімен біз ел экономикасы үшін аса маңызды екі мәселенін шешімін таптық. Бірінші – алып құрлықтың ішінде орналасқан су жолдары дамымаған ел бола тұра әлемдік теңіз порттарына шыға алдық. Екінші – төмендегідей негізгі үш бағыт бойынша қатынайтын транзиттік көлік ағымын өткізе  білдік.

Бұдан бөлек, Қытайдың Еуропалық Одақ елдерімен қарқынды түрде дамып келе жатқан сауда қатынастары Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерінің кеңеюіне ықпал етіп  келеді. Осыған орай, бүгінгі күні ҚХР – Еуроодақ бағытымен өтетін жолдар Қазақстан үшін анағұрлым перспективалы бағдарлар болып  отыр. Сонымен қатар, өңірлік өзара іс-қимылды күшейту үшін Қазақстан және ҚХР көшбасшылары 2016 жылғы қыркүйекте «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарына қол қойған еді.  ҚХР – ЕО – ҚХР бағытындағы контейнерлік тасымалдар көлемі жыл  өткен  сайын   ұлғайып  келеді.

Қытай – Еуроодақелдерібағытындағықұрлықбағдарларыныңнегізгіартықшылығыолардыңжеделдігіболыптабылады. Қазақстанаумағыменөтетінбағдарламалар арқылыосыбағыттажүктердіжеткізууақыт  өткен  сайын  артып  келеді.  Жүргізілген келіссөздер мен мемлекеттік және мемлекетаралық іс-шаралардың нәтижесінде бүгінде Қазақстанның автомобиль жолдарының көптеген бөліктері Азия тас жолдары (АЛТИД), Еуропа Одағының (ТКАСЕКА) жобасы және ТМД елдерінің халықаралық автомобиль жолдарының құрамдарына енгізілді.

Соңғы  бірнеше  жылда Үкімет еліміз  жолдарына барынша  көңіл  бөле  бастады. Қалаларымызда ғылымның  соңғы  жетістерімен    әлемдік  стандарттарға   жауап  беретін   сапалы  жолдар  салынуда.

Жол –  қалаинфрақұрылымын   жетілдірудегі  маңызды  бір  саласы. Халықаралық,  қалааралық  және   қалаішілік жолдарды  жобалағанда    оны  инвентаризация  жүргізе  отырып, оның  жалпы  жағдайын  тексеру, материалдарды  жинау  және  талдау,  сонымен  қатар,  оларды  сапасына  қарай  жіктеу  мен  реттеу  мәселелері   қарастырылған.   Сондай-ақ, геодеректер  мен  картографиялық  материалдар  базасы  да  ескерілген.

Мемлекет  басшысы  Қасым –Жомарт  Тоқаевтың биылғы «Жаңа  жағдайдағы  Қазақстан: іс-қимыл  кезеңі» атты  Жолдауында  өңірлерді  дамытуға орай бюджеттен  қаржыландыру  моделін алға  тартқан  болатын. Президент  тапсырмасы  аймақтағы  істердің  жандануына үлкен  серпін  беріп  отыр. Мұндай  қолдау  аймақтардың  жұмысын  ширатып,  оның  әлеуметтік  сипатқа  бағытталуына  да  серпін  беруде.

Мемлекет  басшысы  өз  Жолдауында  ұлттық  бәсекеге қабілеттілікке  қол  жеткізудің  негізгі  құралы  санатында  цифрландырудың   өзекті  мәселелерін дер  кезінде  қозғап,  оны  тез  арада  өмірге  енгізуге тапсырма  берген  болатын. Бұл  мақсатта  Қазақстан  жолшылары  цифрлы  сервистер мен  инновацияларды  өмірдің  барлық  саласына пайдаланудың  оңтайлы  шешімдерін  қолға  ала  білді.

Бүгінгі  міндет – Мемлекет  басшысының   Жолдауындағы  тапсырмаға сәйкес, технологияның   бүгінгі  жетістіктерін  қолдана  отырып,   іс-қимыл  әрекеттеріне  көшу  болмақ.

Интеллектуалды  көлік жүйесін  кез  келген заманауи  қаланың  логистикасын  басқару  құрылымының  міндетті  элементі  деп  атауға  болады.  Ол көлік  жолдарының  есебін  автоматты режімде  бақылауға  мүмкіндік  беріп,  алынған  деректер  базасы  арқылы  басым  бағыттарды  айқындауға  да  жол  ашады. Бүгінде  Қазақстан  жолдарын  бақылауда   инновациялық  жобалар  қолға  алынған.

Жолаушылардың   жолдағы   өмір сүру  деңгейі мен  жолдардың  сапасын жақсарту мақсатында  қажетті  инженерлік  инфрақұрылым  жүйелері мен  талапқа  сай  әлеуметтік  нысандар да  қарастырылған.

Жолда  адам   өзінің  тағдырын  ұстарының  жүзінде  отырғандай  сезінеді.  Мұндайда  адамға  сергектік,  жақсы  көңіл-күй  керек.  Оның  алдын-алу  да  қарастырылған. Қазақстанның  білікті  мамандары  бірлесе  келе жолдарда  орын  алып  жатқан  жол  көлік  оқиғаларын  болдырмау мақсатында көлік  жолдарында  музыкалық  шу  жолақтарын  орнатты. Мұндай  технология  ТМД  елдерінде  алғашқы  болып  Қазақстанда  ғана  қолға  алынып  отыр.  Қазір  бұл  бастаманы  тәжірибе  ретінде  «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ алдағы  жылдары  республикалық  маңызы  бар  жолдарға  орнатпақ.

«Ақылды  қалалардың»  жаһандық  рейтінгінде

Нұр – Сұлтан мен  Алматы  қалалары  бар

Бүгінгі  таңда  «Ақылды  қалалардың» жаһандық  рейтингіне  Қазақстанның  2 мегаполисі  енген. Бұл – Нұр – Сұлтан мен  Алматы  қалалары.  Олар  күн  өткен  сайын  абаттанып,  алып агломерацияны  құрап  отыр.   Агломерация  есебінен  ұлғайып  келе  жатқан  Алматы  қаласының  аумағында  көптеген  өзгерістер  бар.   Бұрын  Алматы  облысына  қаралып  келген  аумақтарға  да сапалы  жолдар    тартылуда. Биылдың  өзінде  Алматының  біріккен аумақтарында  56,7  шақырым  жол  салынды.  Жоғарыдағы  қос  қала да  қала  билігінің, ғылыми  және  бизнес  қоғамдастығының  ақыл-ойын  біріктіре  отырып,  инновациялық  экожүйенің   интеграторы   болып  отыр.    Бұл  жұмыстар  одан  әрі  жалғасуда.

2000 –2003 жылдар аралығында еліміздегі тұңғыш жылдамдықты автомобиль жолы «Алматы – Астана» автомагистралы салынды. Бұл жол құрылысына бірнеше шетелдердің жол фирмалары катысты. Жоғарыда  айтқанымыздай жаңа технологиялар жүзеге асырылды. Бүгін жүріп өтсеңіз, жол бөліктерінің бұзыла бастағанын, жол жамылғысының бетінде  сызаттар мен жарықтардың пайда болғанын көресіз. Жаңа технологияның     соны  жетістіктері  арқасында  бұл  кемшіліктерді  жою   қолға  алынатын  болады.

Бұл жерде айтатын негізгі мәселелердің бірі – шетелдерден адам әкелуге болады, техника мен технология әкелуге болады, ал негізгі құрылыс материалдарын әкеле алмаймыз және табиғи-климаттық жағдайды өзгерте алмаймыз,  болуы  тиіс. Соларды міндетті түрге катаң есепке алу керек. Онсыз ешқандай да жақсы нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Мысалы бір ғана  «Алматы – Нұр Астана» жолына қажетті  асфальт-бетон,   тас материалдарды  сырттан  тасымалдай  алмаймыз  ғой.  Әрине,   салынып, не жөнделіп біткен жолдар шетелдердің табиғи-климаттық жағдайында жұмыс жасамайды, өзіміздің климаттық ортаға  сай келуі  керек. Сондықтан өзіміздің құрылыстық материалдарымызды жан-жақты зерттеп  алуымыз керек.

2014  жылы  іссапармен Гонгонк,  Макао  қалаларында   болдық. Олқалаларда  еңсуықмезгілдіңөзіндеауаныңорташатемпературасы +(5–7) градустантөменболмайды.  Бұл  елдерде  табиғи-климаттық жағдай біздікіне қарағанда ыңғайлы. Біздің оңтүстікте асфальт-бетон шілдеде +80 0С-қа дейін қызса, қаңтар мен ақпанда +(40 – 45 0С) -қа дейін тоңазиды. Қыс айларында жол төсемесінің астындағы топырақ Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында 210-230 сантиметрге дейін тереңдікте қатып жатады. Алматыда күзден көктемге дейінге бір ғана маусымның ішінде ауаның орташа температурасы 120-130 рет «0»-ден өтеді екен.

Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайында автомобиль жолының қызмет көрсету мерзімінің толық аяғына дейін бірде бір жарық, сызат пайда болмайтындай беріктік және деформациялық қасиеті бар асфальт-бетондық материал ешбір елде жоқ. Ондай асфальт-бетонды адамзат баласы әлі жасап шығарған, ойлап жапқан жоқ. Демек,  еліміз  жолдары  таяу  уақытта  әлемдік  стандарттар  денгейіне  жауап  беретін  болады, — деп  сенейік.

Жоғарыда келтірілген деректерді салыстырып отырып-ақ,  елімізде әлемдік деңгейге сай автомобиль жолдары мен жол шаруашылығын калыптастыру үшін жолшылардың төккен терінің зор  екенін  айрықша  атап  өтуіміз  керек. Бұл  жолда  «Жол  активтері Ұлттық  сапа  орталығы» РМК  ұжымының жұмысты  ұйымдастырудағы  белсенділігін  ерекше  атап  өткен  абзал.

Жолшылар әлдеқашан-ақ: «Бір Аллаһ, өзің қолдай гөр!», — деп білекті түріп үлкен іске кірісіп  кеткен. Байрағыбиіктежелбіреген, әлемдесыйлыөзорны бар туғанеліміздіңризығынаттыруғажолдар мен жолшылардыңқосарүлесі мол болмақ. Қазақстан  жолшылары  пандемия  кезінде  де,  өз  жұмыстарын жалғастырып  келді. Аптап   ыстықта да,  дауылды  боранда  да,  олар  жұмыстарын үзіп   тастаған  емес. Халық  алғысы  да, марапат  та жол  үстіндегі  азаматтарға  берілсе  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.

Ермек  ЗАНГИРОВ,

Қазақстан  Журналистер  Одағының  мүшесі.

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *