Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстанның Еңбек Ері: АШУҒА БАСЫП КЕТПЕЙ, АҚЫЛҒА ЖЕҢДІРУ КЕРЕК

– Адамның аласы да, құласы да болады. Біз көпұлтты мемлекетпіз. «Білмегеннің білместігін кешірмесең, білгендігің қайда?» деген емес пе еді, халқымыз. Өте қайғылы жағдай болды бұл. Қандай жағдай болса да, ашуға берілуге болмайды. Ашуға басып кетпей, ақылға жеңдіру керек. Заң бар, үкімет бар. Қаншама адамның обалына қалуға болмас, ақылға жеңдірмеудің соңы осындай өкінішке әкеліп отыр. Мемлекет басшы  Қ.Тоқаевтың тікелей араласуы да халықтың бірлігін, ұлттар достығын сақтауды көздеп отыр. «Бір күн ұрыс болған жерден, қырық күн ырыс кетеді» дейді халқымыз. Біреулер жазықсыз жалалы болып кетпесе екен деймін. Мен ана ретінде, ұстаз ретінде барлық ұлт бейбіт өмір сүрсе екен деп тілеймін. Әділдік жеңеді, ал кінәлілер арандатушылар анықталар. Өшпенділік, өш алу дегенге жол бермейік. Мен барлық бауырымды  сабырлыққа шақырамын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *