Ардагерлердің айтары көп

Тәуелсіз ел атанып, бүкіл әлемге нақты танылғаннан бері де ширек ғасырдан астам уақыт өте шығыпты. Бүгінде тәуелсіз­дігі­міздің баянды болуына, «Мәңгілік Ел» ретінде өз орнымызды табуы­мызға көп күш жұмсалуда. Ра­сын­да, бұл ұлы мақсат бір сәтке күн тәртібінен түспеуі керек.

«Тарихсыз ұрпақ тұл». Қазақ ханды­ғынан бергі тарихымыздың бел- белестерін, жеткен жетістік, кеткен кемшіліктерін, олқы, зарлы, тағы басқа тұстарын, қыс­қасы, барлық сын-сипатын Отанымыздың әрбір азаматының білгені жөн болмақ.

Осыған орай, «Думан» ықшамауда­нында орналасқан №172 мектеп-гимназия­сында Жеңістің 73 жылдығына арналып, мектебіміздің  7-сынып оқушы­ларының даярлаған  «Ұлы Жеңіс – ұр­паққа ұлағат» атты ардагерлермен кез­десу кеші өтті.

«Думан» ықшамауданының ардагер ақсақалдары  Ислам Іргебаев, Рахымқан Нүптекеев,   Төрехан Әбетаев, Аман­гелді Шынғожаев,   Төкен Бижанов , Қожыкен Жанекеев  сияқты тұрғын­дары құрметті қонақ ретінде төрден орын алды. Бұл ардагерлердің өмір дерек­терінің баяндал­уының өзі қатысушыларға үлкен ой салды.   Іс-шараның өн бойы жүрек тебіренткен көрініс негізінде өрілді. Қазақтың көрнекті ақындарының соғыс тақырыбын қамтыған өлеңдерінің мәнерлене жатқа оқылуымен кеш маңыз­дылығы барынша арта түсті. Қасым Аман­жоловтың «Сен фашиссің, мен қазақпын», Ғафу Қайырбековтің «Жеңіс солдаты», Тұманбай Молдағалиевтің «Майдангерлер» өлеңдері оқылды.

Кеш соңында «Елімізде бейбітшілік болсын!» Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған даусы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!» деп айтылған тілектерді  қатысушылардың бәрі құптап, бір кісідей қол соқты. Мектеп директоры Талғат Қазыбаев осы бір мерекенің болашақ ұрпақ үшін алатын орны ерекше екенін, бейбіт өмірдің қадірін білудің маңыздылығын атап айтты.

 

Рыскелді САБЫРБАЕВ,

Бейбіт СҰЛТАНҒАЗИЕВА,

№ 172 мектеп-гимназия мұғалімдері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *