«АЛМАТЫ – ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ»

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған І қалалық «Алматы – өркениет ордасы» атты әдеби жанрлық байқаудың ережесі

 

  • Байқауды ұйымдастырушы

Алматы қаласы әкімдігі;

Қазақстан Жазушылар одағы.

  • Байқаудың мақсаты:

–            Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ел дамуы жолында басшылыққа алған «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген негізгі міндеттерді ары қарай жүзеге асыру.

– Еліміздің әр өңірінен жиналған жас дарындарды ұлы даланы ұлықтау мақсатында бір мүддеге жұмылдыру.

– Мың жылдық тарихтан тамыр тартатын ел жастарының рухани астанасына айналған Алматы қаласының терең тарихын танытып, көпшілікке дәріптеу.

– Қазақ әдебиетіне аяқ басқан дарынды жастардың шығарма­шылығын шыңдап, олардың қаламынан туған тың дүниелерді ел көлемінде насихаттау арқылы рухани астанамыз болған арман қаланың әр қырын кеңінен таныту.

– Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматы қаласының абыройын асқақтатып, бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де тарту.

  • Байқаудың өтетін уақыты

–            Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 1 нау­рыз 2020 жыл аралығына дейін жүргізіледі.

–            Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.

  • Байқауға қатысушылар

–            Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген Алматы қаласының барлық қаламгерлері. (Жасқа шектеу қойылмайды).

  • Байқаудың ережесі:

– Байқауға қатысушылар «Алматы – өркениет ордасы» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей бес аталым бойынша бақ сынайды:

  1. Поэзия.
  2. Проза.
  3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза).
  4. Драма.
  5. Қысқаметражды фильмге көркем сценарий.

 

* Поэзия аталымы бойынша

Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:

– Алматы қаласына арнау өлеңі;

– Еркін тақырыптағы өлеңі.

* Қатысушыға қойылатын талаптар:

– Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;

– Өлеңнің көлеміне шектеу қойылмайды;

– Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады.

– Өлең Mіcrosoft Word түрінде ( Tіmes New Roman 14) жазылып wrіterskz@gmaіl.com мекен-жайына жіберілуі керек.

 

* Проза аталымы бойынша

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза жазады.

Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек.

* Қатысушыға қойылатын талаптар:

– Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздер арқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;

– Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады.

– Шығарма Mіcrosoft Word түрінде (Tіmes New Roman 14) жазылып wrіterskz@gmaіl.com мекен-жайына жіберілуі керек.

* Балалар әдебиеті аталымы бойынша

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.

* Қатысушыға қойылатын талаптар:

– Көркем әдебиетке тән ерекшеліктерді сақтау, бейнелі сөздер арқылы көркем мәтінде тақырыпты ашу;

– Жазылған жұмыстың көлемі 6 беттен аспауы керек;

– Шығарманың желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт.

– Шығарма Mіcrosoft Word түрінде (Tіmes New Roman 14) wrіterskz@gmaіl.com мекен-жайына жіберілуі керек.

* Драма аталымы бойынша

Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.

* Қатысушыға қойылатын талаптар:

– Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;

– Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;

– Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген пьесаларын жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады.

– Шығарма Mіcrosoft Word түрінде (Tіmes New Roman 14) wrіterskz@gmaіl.com мекен-жайына жіберілуі керек.

* Қысқаметражды фильмнің сценарийі аталымы бойынша

Үміткер берілген тақырып бойынша қысқаметражды фильмнің сценарийін ұсынады.

* Қатысушыға қойылатын талаптар:

– Қысқаметражды фильмнің желісі Алматы қаласымен байланысты болуы шарт;

– Сценарийдің көлеміне шектеу қойылмайды.

– Байқауға қатысушылар қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғындардың қилы тағдырларын суреттеген сценарийлерін жолдай алады. Сондай-ақ, Алматының өткен тарихын арқау еткен шығармалар да қабылданады.

– Шығарма Mіcrosoft Word түрінде (Tіmes New Roman 14) wrіterskz@gmaіl.com мекен-жайына жіберілуі керек.

Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.

Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде).

  • Байқаудың марапаттау кезеңі

– Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ұйымдастыруымен («Астана» алаңында) дәстүрлі Наурыз мерекесінде өткізіледі.

– Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері және эстрада әншілері қатысады.

– Әр аталым бойынша:

  • Бірінші орын — «Алматы – өркениет ордасы» атты лауреаттық диплом және 1 000 000 млн. теңге ақшалай сыйлық:
  • ІІ орын – Лауреаттық диплом және 500 мың теңге ақшалай сыйлық;
  • ІІІ орын – Лауреаттық диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлық.

– Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі (БАҚ-да, Телебағдарламаларда).

– Қазақ хандығының бастауы болған мың бояулы қала Алматының және Жетісу өңірінің барлық саябақтарына үздік деп танылған шығармалардың үзінділері жазылған тақтайшалар орнату ұсынылады.

  • Байқауға қатысу шарттары:

– Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.

 

Қосымша 1

 

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні             

Қатысушының аталымы,

шығармасының атауы                 

Туған жылы, айы, күні                  

Мекен-жайы, (облыс, қала,

аудан, ауыл)                

Электронды мекен-жайы            

Байланыс нөмірі      

 

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *