Алматыда қылмыс саны 10,2%-ға қысқарды — Б. Сағынтаев

ОКҚ-дағы брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, қалалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және криминалмен күресті күшейту шаралары туралы айтты.

Қоғамдық қауіпсіздік — Алматы әкімі жұмысындағы басты бағыттардың бірі.
«Біз полицияның материалдық-техникалық жарақтануын жақсартудамыз. Қазірдің өзінде еліміз бойынша ең жоғары және оның деңгейі 87%. Таяу арада қала полициясы тағы 85 жаңа автокөлік алатын болады», — деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қаланың барлық аудандарындағы құқық қорғау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін полицияның 13 фронт-офисі ашылады. Мұнда қалалықтар «бір терезе» қағидасы бойынша жайлы жағдайда қызметтер алады.

«Президент Қ-Ж. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша видеомониторинг жүйесі енгізіледі. Таяу арада қала көшелеріне «Сергек» видеофиксация жүйесінің 707 постысы орнатылады», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Жыл аяғына дейін 400 пост орнатылады, 2020 жылы орнатылатыны — 307.

Алматылықтардың өтініштері бойынша, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың жедел шаралары қабылданды. Қаланың криминогенді аудандарында полицияның 32 жаңа жаңа модульді, мобильді пункттері жұмыс істей бастады.

Жаяу патрульдеу күшейтілді, мұнда аулаларды қадағалауға басымдық берілген. Патруль жүргізудің 550 бағыты жасалды.
Жүзеге асырылған шаралар қылмыс санын 10,2%-ға қысқартты және оларды ашуды 26-дан 30%-ға дейін арттырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *