Алматыда COVID-19 тестінен өтуге болатын орындар ашылады

Нұржамал ӘЛІШЕВА
Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.
Коронавирустық инфекцияның кеңінен таралып кетпеуі үшін бүкіл әлемде қолданылатын екі тиімді әдіс бар. Біріншісі – әрбір азамат өз-өзін оқшаулау керек, екіншісі – тестілеуден өту. Үкімет CОVID-19 вирусын анықтайтын тесті сатып алуға қаржы бөлді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі енгізген ережеге сәйкес, COVID-19 тестілеуінен өтуге 5 санаттағы тұлғалар жатады, олар: КВИ жұқтырған болуы мүмкін деген адамдар; науқастанғандармен байланыста болғандар; қатерлі індет кең таралған мемлекеттерден келген адамдар және медицина қызметкерлері.
– Тестілеудің келесі түрі – жедел-тесттер, олар қазіргі таңда қалаға түсті. Қазір «Олимп» медициналық зертханасы санитарлық ережелерге сәйкес 5 пункт дайындады. Қайырымдылық қорларының бірі Денсаулық сақтау басқармасына қосымша жедел-тест сатып әперді. Бүгінгі таңда басқармада 8 пункт нақтыланды, олар жақын арада жұмысқа кіріседі, – деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.
Жедел-тестілеу жұмысы Ақпараттық қызметпен реттеліп отырады. Жедел жәрдем қызметкерлері, стационарда жатпаған бірақ ЖРВИ-мен ауырғандар, созылмалы аурулары бар жандар, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардия өкілдері, еріктілер, әкімдік және коммуналдық қызметтердің өкілдері де жедел-тесттен өтуіне болады.
Жедел-тестілеуден қалай өтуге болады?
– Бұл жедел-тестілеуден өтінім берген және нақты көрсетілген сілтемелерде сауалнама мәліметтерін толтырған тұлғалар өте алады. Сіз сауалнамалық деректерде көрсеткен симптомдарыңыз бойынша тест тапсыру үшін іріктеуден өтесіз. Өтінішіңіз мақұлданғаннан кейін сізге СМС-хабарлама келеді, онда жедел-тест өтетін жердің мекен-жайы мен уақыты көрсетіледі, – деп қорытындылады сөзін спикер.
Айта кетейік, брифинг кезінде жедел-тестілеуден өту қала бойынша тегін екендігі айтылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *