Қайырымды болсаң, жүрекке мейірім ұялар

55

Қазіргі  таңда Елбасымыздың оқушылардың жаңа оқу жылында мектепке толық баруын қамтамасыз ету жөніндегі  тапсырмасын орындау  барысында республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы қолдау тауып, игі істер жүргізілуде.  Осыған орай Тәуелсізді­гімздің 25 жылдығына «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранмен акция өтуін  «Құлагер» ықшамауданындағы №148 мектеп-гимназия мұғалімдері бір ауыздан қолдап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы­лар мен жетім балалар, көпбалалы отбасы балаларына көмек қолын созып отыр. Мектебімізде жылда тұрақты дәстүрге айналған шараға мұғалімдер де, ата-аналар да, олардың  шарапатын  сезінген  оқушылар да  бірлесіп  күш  салып, акцияға үлкен  белсен­ділік  танытып, «көп  түкірсе – көл»   болаты­нына   көз  жеткізіп  келеді.   Осындай іс-шара барысында белсенділік көрсеткен Қалбүбі Бекенова, Гүлжан Беркінбаева, Рәбиға Бал­қы­баева, Гүлмауа Нағыманова, Ләззат Әлім­саева, Эльмира Сапорова,  Мадина Рүстемова, сондай-ақ, мектебіміздің ардагер­лері, зейнеткерлер — Хадиша Жанбатыр, Шолпан Етекбаева, Гүлашар Тағыбек, Элиза Ысқақова, Бижамал Мананова, Жау­һар Күмісбаева секілді апайларымыз көмекке зәру отба­сы балаларына бірнеше рюкзак, канце­ляр­иялық құралдар алып бергеніне алғысымыз шексіз.

Осынау шарапаты мол шараның қанша балаға  қуаныш  сыйларын  білесіз  бе?ө Күн­делікті тірлікте ұсақ-түйек көрінгенімен, адам­ға қуаныш сыйлау, жылы сөз айту – ізгі  қасиет­­тердің  ең  бастысына  жатады. Ал  бала­ны қуантқанның  жөні тіпті  бөлек. Бала  біткен  өзіне  жылы  сөз  айтып, қолына  сый­лық  ұста­тып,  жақсылық  жасаған  жанды  ешқа­шан  ұмыт­пасы  анық.  Сөзіміз дәлелді болу үшін орын­далып жатқан жұмыс барысын айта кетейік.

Биылғы оқу жылында аз қамтылған, көмек­ке мұқтаж отбасы балаларына мектеп тара­пынан Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан бөлінген 1 000 000 теңге қаражатқа 50 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етіліп  отыр. Сонымен қатар Жетісу ауданы әкімі қамқор­лықтағы Белобжицкая Ариянаға мектеп құралдарын, киім-кешек тарту етті.

«Құлагер» ықшамауданынан сайланған халық қалаулысы Айбек Бектұрғановтың демеушілігімен мектебіміздегі аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 60 оқушыға мектеп формасы сыйланды.

Акция барысында «Құлагер» ықшамауданы төңірегінде қауіпсіздік шаралары бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Ы.Мырзабаевамен бірге әлеуметтік педагог, мектеп мұғалімдері рейд жүргізді. Рейдтің мақсаты — ата-ананың қарауын­сыз, қадағалауынсыз қалған, қаңғы­бас, жертөлелер мен пәтер жалдап немесе дүңгір­шіктерді паналаған тіркеуі жоқ, басқа аймақтан келген отбасылардың балаларын, сондай-ақ, қауіпті топтағы балаларды анықтау, көмекке зәру отбасы балаларын анық­тап, тізімдеу, олардың мектепке баруын қамтамасыз ету барысында жұмыстар жүргізілуде.

Түрлі акция өткізіп,  тұрмысы  төмен,  қам­қорлыққа  зәру  отбасы балаларына     көмек  қолын  созу – біздер  үшін  қайырымды  халық­тың ұрпағы  екеніміздің бірден-бір дәлелі. Әрдайым қайырымды болуға  шақырамын. Мейірімді жүрекке иман берсін, ағайын!

 

Ж.Күмісбаева,

№148 мектеп-гимназиясының

әлеуметтік  педагогы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *