Айыппұл төлеуден құтылудың жолы

 

Қытайдың Дочжау шаһарының Сычуан провинциясында жол ережесін бұзғандар егер интернет арқылы кешірім сұрап, жиырма қолдаушы тапса, айыппұл төлемейтін болды. Алайда, бұл эксперимент жаяу жүргіншілер, велосипедшілер, мотороллер жүргізушілері, ұсақ-түйек тәртіп бұзғандар үшін жасалып отыр. Қазірдің өзінде бұл мүмкіндікті оннан астам адам пайдаланған. Бір мотороллер жүргізушісі бұл үшін полицияға рахмет айта отырып, өзін 28 қолдаушы құтқарғаны үшін рахмет айтады.

Сондай-ақ, биылдан бастап Қытайдың Шъчньчжан шаһарының полициясы жол ережесін бұзғандар үшін тағы да бір айыптау тәсілін тапты. Егер сіз алысқа түсетін жарығыңызды жағып келе жатсаңыз, сізді көліктен түсіреді де, қарсы көліктің алыс жарығын жағып соған он минутке дейін қарап тұруыңызды талап етеді.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *