Қаңғыбас иттердің көбейгені ата-аналарды алаңдатады

№116 жалпы білім беретін мектепте Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаевтың тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті. Жиынға Алматы қаласы мәслихатының депутаты Шавкат Умаров пен аудандық бөлім басшылары қатысты. Жиында аудан басшысы Әуезов ауданының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырған соң, ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындармен есептік кездесуде аудан әкімі қазіргі таңда мегаполисте атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың барлығы қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатына бағытталғандығын атап өтті.

Балнұр АХМЕТ

Есептік кездесу барысында №6 ықшамаудан тұрғыны біраз жылдан бері №29, №32–36 үйлердің ауласында көше жарығының жоқтығын жеткізді. Бұл маңызды мәселені жиында сөз алған тағы бір аудан тұрғыны да атап өтті. №86, №113 мектептерге және №46 балабақшаға баратын жолда жарықтың жоқтығы ата-аналарды алаңдататынын айтты. Сондай-ақ, қараңғы көшелерде қаңғыбас иттердің көбейгеніне байланысты ата-аналардың жанайқайын жеткізген тұрғын балалардың қауіпсіздігіне қатысты бұл мәселені аудан басшысының бақылауына алуды өтінді. Балалардың ойын алаңдары салынғаны үшін аудан әкімдігіне ризашылық білдірген бір тұрғын жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік етуі үшін спорт алаңдары көбірек салынса деген тілегін білдірді. №10 «а» ықшамауданындағы №16-17 үйдің тұрғындары ауладағы балалардың ойын алаңдарына жөндеу жұмыстары қашан жүргізілетіні туралы білгісі келді. №8 ықшамауданда тұратын зейнеткер жаңбыр жауғанда үйінің айналасын су басып кететіндігін айтса, келесі зейнеткер мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға қалай кезекке тұруға болатыны туралы қызығушылық танытты. №12 ықшамауданның тұрғыны бұрын қап-қараңғы болған   көшелер жарықтандыру жүйесінің арқасында қазір жап-жарық болып тұрғаны үшін тұрғындардың атынан алғыс айтты.

Жиында тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер айтылып, аудан басшысының бақылауына алынды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *