Астанада көрме-таныстырылым өтті

 

Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бір жыл толуына орай Астанадағы Қазақстан Республи­касының Ұлттық музейінде көрме-таныс­тырылым өтті. Шараға қатысушылар алды­мен Ұлттық музейдің кең залында бағдар­ламалық мақала негізінде жасалған жоба­лардың жетістіктері көрсетілген көрмені тамашалады. Онда әр жоба бойынша бір-бір стенд жасалған, атап айтсақ:

— Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау, жұмысқа орналастыруға жәрдем беру, тарихи-мәдени мұраларды қорғау, инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу және оның құрылысы, мектептерді заманауи жабдықтау  бойынша  іс-шара­ларды іске асыруға бағытталған «Туған жер» жобасының стенді;

— Жалпыұлттық маңыздағы 185 қасиет­ті нысан және  жергілікті маңыздағы 463 қасиетті нысан анықталған, 3D турмен Қасиетті нысандардың виртуалды картасы әзірленген, этномәдени экспедициясы ұйымдастырылған, «Бозоқ», «Ботай», «Сарайшық» сияқты 3 республикалық мұра­жай-қорықтар құрылысының баста­луына мүмкіндік берген «Қазақстанның қасиетті географиясы» жобасының стенді;

— UNESCO штаб-пәтерінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының таныс­тырылымының өтуіне, 13 мың музыкалық шығармалар, 1,2 мың нота және 1,7 мың аккордтар жүктеуге, өнер шығармаларын, сондай-ақ мұражайлық қорларды цифр­лан­дыруға, «Рух» бірінші халықаралық әдебиет конкурсын өткізуге, дарынды және талантты жазушылардан пул құрылуына негіз болған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының стенді;

— Тәуелсіздік жылдарында Қазақ­станның дамуына елеулі үлес қосқан адам­дардың табыстылығын, бәсекеге қабілет­тілігін, олардың өмір тарихы арқылы жас ұрпаққа насихаттауды мақсат еткен «Қа­зақстанның 100 жаңа есімі» жобасының стенді;

— Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы  білікті, бәсекеге қабілетті  кадрларды дайындауға, гуманитарлық білімдегі үздік әлемдік үлгілерді зерттеуге бағытталған, күні кеше философия, социология , антро­пология, психология және мәдениеттану саласында 18 іргелі еңбекті таныстырған, алда тағы 30 оқулықты дайындауды жоспарлап жатқан жаһандық жоба – «Жүз жаңа оқулық» стенді;

— Ел тарихындағы шұғыл бетбұру кезеңі, Елбасы ұсынған маңызды страте­гия­лық бастама болған «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру» жобасының стенді.

Көрмеден кейінгі маңызды отырысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ашып берді. Аида Ғалым­қызы жалпыұлттық идеяға айналған Елба­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» бағдарламалық мақаласының бір жылдық мерейтойымен жиылған қауымды құттықтай келе, ел тарихындағы елеулі жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүрген барша азаматтарға, әр өңірден ат арытып келген өкілдерге алғыс айтты.

Әр жоба бойынша сөз сөйлеген спи­керлер өздеріне берілген аз ғана уақытты пайдаланып, бір жыл ішінде жасалған жұмыстарды жинақтаған танысты­рылым­дарын  көрсетіп, бағдарламалық мақала негізінде қолға алынған әр жоба бойынша алда атқарылатын маңызды іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жоспарымен таныс­тырды. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы бізге берген сұхбатында жүзеге асырылған жобаның жетістіктеріне тоқтала келе, бұдан кейінгі негізгі міндеттер мен атқарылуға тиіс жұмыстардың жүйелі жүзеге асуында әр әрекеттің, кез-келген көмектің, қоғамдық қолдаудың маңызды екенін атап өтті. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы бекітілді. Енді оны наси­хаттау жұмыстары алдымен өздері­ңіздей БАҚ күшімен, ғылыми зерттеулердің нәтижесімен және әр өңірдегі мамандар­дың, сондай-ақ белді азаматтардың белсен­ділігімен жүзеге асады. Әлбетте, барлығын қамту мүмкін емес, алайда Қазақстанның қай өлкесі болмасын киелі жерлерге толы, осы орайда барлық облыстағы қандай да бір біз ұмыт қалдырған қасиетті орындар болса, бізбен байланысуды, жанашырлық танытуды, қоғамдық іске атсалысуды сұраймыз. Ішкі туризмді дамыту өзімізден басталады», — деді ол.

 

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ.

Астана.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *