Жетпіс бес мекеме бірыңғай ақпараттық жүйеде қызмет атқарады

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

«Нұр Отан» партиясының жанындағы денсау­лық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия мүшелері Алматы қаласындағы денсаулық сақтау мекемелерін цифрландыру және корпоративті басқару мәселелерін талқылады.

Комиссия отырысына Алматы қаласы мәслихатының депутаты, партияның фрак­ция мүшесі, №5 қалалық аурухана­ның бас дәрігері Болат Садықов төрағалық етті.

Жиынға Денсаулық сақтау басқар­масы басшысының орынбасарлары Ж.Кен­жебаева, Қ.Қожахметова, ҚР ДМ «Элек­трондық денсаулық сақтаудың республи­калық орталығы» Алматы қалалық филиалының директоры Г.Ысқақова, қалалық емханалардың бас дәрігерлері, бастауыш партия ұйымдарының төраға­лары, ҮЕҰ және бизнес құрылымдардың өкілдері, «Жас Отанның» белсенділері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Электронды денсаулық сақтаудың респуб­ликалық орталығы» Алматы қалалық филиалының директоры Г.Ысқақова баяндама жасап,  Алматы қаласының 78 (100%) денсаулық сақтау ұйымы интернет жүйесіне қосылғандығын, жұмыс орында­рының компьютерлермен жабдықталуы 9606 (100%) дананы құрап, 75 медици­налық ұйымда арнайы ақпа­раттық жүйенің қызмет етіп отырғандығын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қаламыздағы емдеу меке­мелерінде аурудың алдын алу мақсатында денсаулықты басқаруға арналған «Damu­med» мобильді қосымша­сына көшу жүзеге асырылуда. Аталмыш смарт технологиялар азаматтарға дәрігер қабылдауына өз бетімен жазылуға, медици­налық құжаттардың электронды көшірме­лерін сақтауға және медициналық бақылау күнделігін жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте сөз алған Б.Садықов цифр­лық технологияларды енгізу мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызды мәселе болып табылатындығын атап өтті. Осы бағытта қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жүйелі әрі шұғыл шаралар қабылдап отыр­ғандығын айта келіп, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша цифрландыру мәселесі «Денсаулық сақтау» бойынша қалалық комиссияның мүшелерімен қосымша қарастырылатынын айтты.

Қ.Қожахметова өз баяндамасында қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау бас­қармасы тарапынан корпоративті басқаруды дамыту бойынша белсенді жұмыстардың жүзеге асырылып жатқан­дығын мәлімдеді.

Басқарма қарамағындағы 79 ұйымның 75-і, яғни 97 пайызы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын нысанында қызме­­тін жүзеге асырып келеді. Жуырда 2 мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығына ауыстырылады, 2 ұйым (Маманданды­рылған балалар үйі, Арнайы медициналық техникамен қамтамасыз ету базасы) қызмет ерекшеліктеріне байланысты қайта құру үрдісіне енбейді.

Отырыс қорытындысы бойынша, Қала­лық комиссия мүшелері тарапынан жергі­лікті мемлекеттік органдар үшін нақты ұсыныстар енгізілді.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *