ҮЗДІК БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Алматыда жетпіске жуық кәсіпорынның басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары — 2019» өңірлік көрме-байқауы мәреге жетті

Көрмеге алматылық бизнес-қауым­дастығының белді өкілдері қатысты. Олардың қатарында киім, аяқкиім, медициналық жабдық, балалар ойын­шықтары, азық-түлік, техника өндіруші кәсіпорындары бар. Байқауға келген қонақтар көрмеге қойылған тауар­лардың сапасын бағалап, қалаған өнімді арзан бағамен сатып алып, сондай-ақ, қосымша жүлделі ұтыс ойындарына қатысуға мүмкіндік  алды.

Мемлекеттік органдардың, «Ата­мекен» ҚР ҰКП және бизнес қоғам­дастық өкілдерінен құралған сараптау комиссиясының шешімімен, Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы  жеңім­паздарының есімдері анықтал­ды. «Өнді­рістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша – «Келет» АҚ, «ІnnoTrack» ЖШС, «Savenergy» ЖШС жеңімпаз деп танылды.  «Ха­лық­қа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша  – «ПЭРИ» ЖШС, «КОВАZ» ЖК, «Казлегпром-Алматы» ЖШС, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы  бойынша – «Беккер и К» ЖШС, «Хлебо­завод №7» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС  жеңіске жетті.

Айтулы іс-шараға Алматы қала­сының әкімі  Бақытжан Сағынтаев, әкім орынбасарлары Ержан Бабақұма­ров және Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тлеумұратов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палата­сының директоры Нариман Әбіл­шайықов, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық  өкілдері  қатысты.

«Байқау елімізде  2006 жылдан бастап, 13-рет ұйымдастырылуда. Биылғы жылы да көрмеге қатысуға ниет білдірушілер өте көп болды. «Қазақстан­ның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары үш номинация бойынша анықталады. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Мен үшін бай­қауға қатысып отырған әрбір ком­пания жеңім­паз атануға әбден лайық­ты», – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына алма­тылық сауда орталықтарының жалға беру бөлімдерінің өкілдері де қатысты. Сауда орталықтарының қатысудағы мақсаты – отандық тауар өңдірушілерге үй-жайларды жалға беру бойынша қызметтерін, жолдарын, бағыттарын түсіндіру. Қатысушылардың қатарында «MOSKVA metropolіtan», «Forum Almaty», «Mega Аlma-Ata», «Мерей», «Magnum Cash & Carry» және т.б. сауда орталықтары болды.

Көрменің мақсаты – қазақстандық тауарлардың сапасын көрсету. Өнім­дердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халық арасында сапа идеясын танымал ету. Байқауға қатысу арқылы кәсіпорындар өздерін танытуға, та­уарын жарнамалауға, тұтынушы қа­тарын арттыруға зор мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет бас­шысының Жарлығымен «Қазақстан­ның үздік тауары» көрме-бай­қауы­ның ұйымдастырушылары «Ата­мекен» ҚР ҰКП және Өңірлік кәсіп­керлер палаталары болып бекітілді.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары республикалық деңгейдегі байқауға қатысуға жолдама алады, сондай-ақ өз өнімі жайында бүкіл республикаға жариялау мүмкіндігіне ие болады.

Байқаулар туралы толық ақпаратты  www.altynsapa.kz сайтынан алуға болады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *