Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ – Алматы қаласы әкімінің орынбасары

ҚР Президенті Әкім­шілігінің келісімі бойынша Алматы қала­сы әкімінің өкімімен С.Тұяқбаев Ал­маты қа­ласы әкімінің орын­басары болып тағайын­далды.

С.Тұяқбаев 1979 жылы туған. 2001 жы­лы Таяу­шығыс техникалық универ­ситетін (Түркия), 2004 жылы Торонто университетін (Канада) бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005–2009 жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Ресейдегі ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтерді атқарған.

2012–2017 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды, инвестиция, өнер­кәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық жасады.

2016 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің  Инвестиция комитетінің төрағасы, 2017 жылдың қарашасынан «НК «Kazakh Іnvest» АҚ басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды.

Бұған дейін  осы лауазымды ат­қарған  Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

 

Талғат СӘРСЕНБАЕВ   –  Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы

Т.Сәрсенбаев 1966 жы­лы туған. 1987 жылы Қара­ғандыдағы КСРО ІІМ-нің жоғары мектебін, 2015 жы­лы Назарбаев Универси­тетінің Жоғары бизнес мек­тебін басшыларға арналған Executіve MBA бағдарла­масы, Duke Unіversіty’s Fuqua School of Busіness бірлескен бағдарламасы бойынша бітірген.

Әр жылдары құқық­қор­ғау орган­дарында істеген, жоғары оқу орын­дарында сабақ берген, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымды қыз­меттер атқарған, Ресей Федерация­сындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде кеңесші, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы болған, «Самұрық-Қазына» АҚ жұмыс істеген.

Бұл тағайындауға дейін ҚР Үкіметі Кеңсесі бас­шысының орынбасары – ҚР Үкіметінің ҚР Пар­ламентіндегі өкілі қызметін атқарған.

Заң ғылымының докторы, профес­сор. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Бұған дейін  осы лауазымды атқар­ған Жігер Қалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *