САҒЫНЫШПЕН ӨТКЕН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Балнұр АХМЕТ

Кеше Ұлттық кітапханада көрнекті ақын  Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ поэзиясының Қайраты» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында және «Қадыр Мырза Әлі» қорының қолдауымен өткізілді. Еске алу кешіне мәдениет және өнер қайраткерлері, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, танымал эстрада әншілері, туған-туыстары мен ЖОО студенттері қатысты.

Кешті ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Дәукенова жүргізді.

– Қайрат ағамен республикалық әдістемелік орталықта бірге жұмыс істеген кезден бастап таныс болдық. Бірде телевидениеде жүргенде анамды жырлап өтейін деген ой келді. Анам маған ардақты ана әрі әзіз әке болды. Бір жасымда әкем дүниеден озды. Алматыға оқуға түскеннен кейін анаммен үш жылдай көріспедім. «Анашым» әнінің әуені сол сағыныштан туған әуен болды. Сосын Қайрат ағаға жолығып, «Ананың таза жүрек, ақ пейіл, адал сезімін қалай білдіреміз, аға?» дегенімде, ертеңіне «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген әдемі ән жарқ ете қалды. Сол әуеннен кейін Қайрат ағамен шығармашылық байланыста болып, бірнеше ән жаздық. Қайрат ағамызды бүкіл түркі әлемінің Қайраты деп жатырмыз. «Қадіріңіз жан аға, бар асылға балаған, Өзіңіздей ағаны қайдан іздеп таба алам?» деп ақын ағамызды әрқашанда жырлап өтеміз, – деді әнші-композитор, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Марат Омаров.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *