Мемлекеттік мекемелер шетелдік көліктен бас тартып жатыр

Қазіргі таңда елімізде түрлі маркадағы жеңіл көліктердің қаптап жүргені жасырын емес. Тіпті, олардың арасында шылқыған бай адамның өзінің қолы жете бермейтін шетелдік автомобильдердің өзіне де бүгінде көзіміз әбден үйреніп кетті. Кейде құны әлденеше миллион тұратын сүліктей сұлу сол темір тұлпарларға көзіміз тоймай, қайта-қайта қарай беретініміз тіпті де жасырын емес. Сондайда, оларды көрген кезде «Осынша қымбат дүниеге қыруар ақша шығындағанша, одан да пайдалы іске жаратса қайтеді?.. » дейтініміз бар, ашылған аузымыздан аққан сілекейді жұта қызғанышымыз оянып…

 Құттыбек АЙМАХАН

Жаңа көліктер алушылардың көбі әйелдер екен

Дегенмен, жүректі жеген қызғаныш сезімінің әйтеуір бір басылатыны белгілі ғой. Сол себептен бе, жоқ әлде көздері жаңа машинаға әбден тойды ма қайдам, әйтеуір, соңғы кезде еліміздегі қайсыбір мемлекеттік мекемелер шет елдің бағасы удай дерлік көліктерден өз ерік­терімен бас тарта бастапты деп естиміз.

Әрине, мұндай тосын әре­кетке таңқала қараған мамандар мұны бұрын-соңды болмаған тосын жағдайларға теңейтін болып жүр. Өйткені, қайсыбір айбарлы мемлекеттік қызмет­керлер шетелдік автомо­биль­дерден бас  тартып, ендігі жерде отандық автоөндіріске көбірек назар аудара бастаған көрінеді. Мысалы, тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана елімізде 8 мыңнан астам жеңіл көлік құрастырылған дейді. Ал отандық автоөндірісте мұндай жағдай бұған дейін болмаған қарқын саналады екен. Өйткені, осының салдарынан қазақстан­дық  нарықтағы отандық көлік­тер үлесі бірден 55 пайызға шарықтап шығып кеткен. Осы ретте қазақ­стандықтар тек су жаңа отандық көліктерді алу үшін ғана тек соңғы кезде ғана қалталарынан 127 млрд. теңге шығындаған. Ең таңқалар­лығы сол, бұл ретте жаңа көлік алушылар арасында әрбір бесінші жүргізуші нәзік жанды әйелдер болып шыққан.

Бұл тұрғыда отандық авто­нарықты жарнамалаудың да оңтайлы реті келіп отырғаны жасырын емес. Мысалы, өзіміз жиі қарайтын «Хабар-24» теле­арнасының хабарлауынша, тек соңғы жылдары ғана еліміздің на­ры­ғында LADA брендті авто­көліктер барынша сұраныс­қа ие бола бастапты. Соның айқын дәлелі, тек биылғы жыл­дың төрт айында  аталған маркадан 555  көлік саты­лып кеткен. Содан кейін жер­лес­теріміз «Hyundaі»  және KІA маркалы автокөлік­терге де ерек­ше қызығу­шылық танытқан  екен. Осы ретте атап өтетіні, қазір­гі уақытта респуб­лика­мызда теңдесі жоқ дейтін және әлемде енді ғана көбейе бастаған электромобильдерге деген сұра­ныстар аз болып тұр дейді. Со­ның дәлелі, тек былтырдың өзінде  осы айтылған 22 дана электо­мобиль ғана сатылып үлгеріпті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *