«МЕДЕУ» МЕМЛЕКЕТТІК САЯБАҒЫНДА кезекті рейд шаралары жүрді

1894Бұрнағы күні «Медеу» мемлекеттік паркінің қызметкерлері Медеу аудандық табиғатты қорғау полицейлері және аудандық өртке қарсы қызметімен бірігіп саябақ аумағында кезекті рейд шараларын жүргізді. Мақсат — демалушыларға өрттің шығып кетпеуін ескерту. Сондай-ақ, қоқыс қалдықтарының бейберекет шашылмауын қадағалау.

2014 жылға арналған жұмыс жоспарына сайкес «Медеу» мемлекеттік паркі мұндай шара­ларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Өйткені, саябақта жаздың аптап ыстығында мектеп оқушылары, қарапайым қалалықтардың легі өте көбейіп кетеді. Көпшілік демалушы­лардың тамақ, кәуап пісіріп, отын өшірмей кететіндері де жиі кездеседі. Әсіресе, мұндай оқиғалар мереке күндері мен сенбі, жексенбі күндері жиі ұшырасады.

Алматы қаласы аумағын көріктендіру ере­жесіне байланысты от жағып, қоқыс қалдықтарын шашып кеткендерге Әкімшілік кодекстің 387-бабына сәйкес, бір айлық көрсеткіш пен жиырма айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Парк қызметкерлері аптасына бес ескерту хаттамаларына дейін толтырады. Демалушылар көп жиналатын жерлерде өрттің алдын алу бағаналары қойылған. Аптаның жай күндері саябақ аумағына екі мыңға дейін демалушылар келсе, сенбі және жексенбі күндері келушілер саны төрт мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар парк қызметкерлері жабайы шөпті отап, саябақтағы жасыл желектерді ретке келтіріп отырады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ» 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *