ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІ

Алма ӘБІЛҚАСЫМОВА,

Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі:

 

— Әлемдік деңгейдегі дәл осынау аласапыран кезеңде әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы Президент Жарлығының жариялануының қоғам үшін, жалпы ел үшін маңызы зор дер едім. Қазіргі кезге дейін елімізде төтенше жағдай жарияланып, бірқатар қалаларда карантин енгізілгелі жергілікті жерлерде құқықтық, қоғамдық тәртіпті сақтауды полиция қызметкерлері Қарулы Күштеріміз бірлесе    жүзеге асырып келді.

Біз карантин мерзімінің ұзартылатынын да білеміз. Жалпыадамзаттық талап солай. Демек, мемлекетіміздің, халқымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін, қоғамдық орындарда – көшелерде, ғимараттарда, мекемелер мен тұрғын үй аумақтарында, саябақтарда, алаңдарда патрульдеуді, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, жан-жақты өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін адам күші де, қатаң тәртіп те керек болады.

Армияның басты функциясы – мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтау екенін ұмытуға болмайды. Қазақстан коронавирусты жаппай жұқтыруға жол бермеуі керек және пандемия жағдайында өз халқының өмірін сақтап қалуы тиіс. Бұл ретте мемлекет, өңірлік әкімдіктер, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының корпусы көп шаруа атқаруда. Халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді Президент, Үкімет және әкімдіктер дер кезінде, уақытылы іске асырып отыр. Әрине, мемлекетіміз үшін де, халқымыз үшін де бұл үлкен сынақ кезеңі. Қиын кезең. Бірақ біз бүкіл әлем сияқты саналылық пен шыдамдылықты сақтауымыз керек, еліміз үшін бұл қолайсыз кезеңде тек бірлесе жұмылып, қауіпті індетке қарсы тұрып, төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтай алсақ қана біз бұл қиындықты еңсеретін боламыз.

                                                                           Т. ДАНИЯРОВ.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *