Дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда

Кіреберістер мен аулалар бойынша
9 мамыр күнге жоспарланған 2682 үйдің 7268 кіреберісі мен 1345 аула аумағы 100% өңделді.
Дезинфекция жұмыстарына 440 адамнан тұратын 61 бригада жұмылдырылды. 76950 литр дайын ерітінді қолданылды. Осылайша өңдеу жұмыстарының 13 кезеңі аяқталды.
Дүйсенбі күні залалсыздандыру жұмыстарының 14-кезеңі жүргізіледі. Жоспар бойынша бірінші күні 2837 үйдің 7922 кіреберісі мен 1311 аула аумағы залалсыздандырады.
Ал 9 мамыр күні 5013 мың шаршы метр көше мен 457 мың шаршы метр тротуар, 201 контейнерлік алаң мен 987 контейнер дезинфекцияланды. Жұмысқа 85 дезинфектор тартылды.
Көшелер мен тротуарлар, көше жәшіктері, орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жуу және дезинфекциялау үшін:
– 153 бірлік арнайы техника (оның ішінде 77 бірлік дезинфекцияға арналған);
– 978 жол жұмысшылары (оның ішінде 126 бірлік дезинфекторлар).
562 мың литр ерітінді жұмсалды (жұмыс басынан бері – 14 824 мың литр).
Сонымен қатар 844 контейнер алаңын дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.
Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1150 тоннаны құрады.
Бүгін жауын-шашынды ауа райына байланысты жолдар, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау, контейнерлік алаңдарды дератизациялау жұмыстары жүргізілмейді
Ал санитарлық тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі. Техника мен адамдардың жұмысқа шығуы:
– 157 арнайы техника бірлігі;
– 975 жол жұмысшылары;
– 2300 дана құм салынған қап.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *