Аягүл Миразова: Жобаның іске асуына қала тұрғындары  қуана атсалысады деп ойлаймын

Аягүл Миразова: Жобаның іске асуына қала тұрғындары  қуана атсалысады деп ойлаймын holanews.kz

Алматы әкімдігі «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» бағдарламасына қатысты Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Аягүл Миразова өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Қала әкімдігі өте үлкен, ауқымды, жан-жақты қамтылған «Алматы – адамдар үшін жаһандық қала» атты 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары көрсетілген жобаны ұсынып отыр. Терең ойланатын болсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Әрине, ол үшін біраз жұмыс атқарылу керек. Осындай жобаның іске асуына қала тұрғындары қуана атсалысады деп ойлаймын», – деді Аягүл Миразова.



Оның айтуынша, қала әкімінің білім беру саласына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.



«Сапалы білім алу үшін, мектептің материалдық, техникалық жағдайы, сапалы ұстаздардың сапалық құрамы әрбір сыныпта отырған оқушылардың санына байланысты. Мектептегі ахуалға байланысты адамдар балаларын жақсы мектепке бергісі келеді. Сол мектептің басшысының іскерлігіне, ұстаздарына тікелей байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да қолжетімді сапалы мектеп болу үшін, осы жағына да қатты көңіл бөлу керек. Ал осы бағдарламадағы 2025 жылға дейін сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек дегенді  қуана-қуана қабылдаймыз. Бұл – өте дұрыс. Осы бағдарлама іске асса, біраз дүние өз орнына келеді», – деді ол.



Қала тұрғындары бағдарламамен танысып, өз ұсынысын «Алматыны дамыту орталығының» сайтында 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қалдыра алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22