Бетховен неге керең боп қалды?

Алдағы желтоқсан айында 250 жылдығы тойланбақшы, небәрі 56 жыл өмір сүріп, тас керең болып жүріп-ақ басқасын былай қойғанда, бүгінде адамзаттың інжу-маржаны болып қалған «Айлы түн» сонатасын жазған Людвиг ван Бетховен неге керең болып қалды?

Медицина сарапшылары 1827 жылдың наурызында ұлы композитор өмірден озғанның ертесіне оның миын ашып, бұл дерттің себеп-салдарын анықтауға тырысқанымен, нақты еш­теңеге көз жеткізе алмады.

Әр жылдары зерттеушілер оның ағзасын түрлі тексеру жолдарынан өткізді. Музы­кант көп жылдар буын­дары­ның әлсіздігінен зардап шек­кен де болатын. Бұл да себеп болмай шықты. Тіпті, тұмау­дың асқынуынан, миы­ның шайқалуынан да іздеді. Десек те, нақты диагноз қоюға мұның бәрі де жеткіліксіз еді.

Дейтұрсақ та, бұл жолда итальян дәрігерлері тыным­сыз ізденді. Тіпті, Бетховеннің дертіне ұқсас диагноз­дарымен керең боп қалған әйелдің тағдыры да қызық­тырды. Әйел қорғасыннан уланған. Кіші дәреті мен қанның анализінен осындай қорытындыға келген. Құлағы естімейтін әйелдің денсау­лығын үлкен өзгеріске түсір­ген металл оның ағзасына қорғасын еріткен табақшадан келген. Ал енді 2005–2007 жылы Бетховеннің шашынан анализ алғанда көп мөлшер­дегі қорғасын табылған. Бұл қайдан жүр? Итальяндықтар токсиндік металдың көзі шарапта деп шамалайды. Бетховен шарап ішкенді қатты ұнатқан. Бұл кісінің заманында шараптың дәмін келтіру үшін аздап қорғасын қосатын болған. Тіпті, Бетховеннің шарап ішетін сүйікті бокалы да қорға­сыннан жасалған көрінеді.

Қалай болғанда да қорға­сынның кесірінен ұлы неміс композиторы әуелі есту қабілетінен айырылып, оның соңы өлімге алып келгені мәлім болып қалды. Бұл ретте оның емдеуші дәрігерін кінәлап отыр сарапшылар. Десек те, бұл да нақты диагноз емес. Алайда, одан басқа себеп те табылмай отыр.

Ресей конституциясына Құдайды еске алатын сөз жазуды ұсынды

Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар болып жатқаны мәлім. Осыған орай, патриарх Кирилл тосын пікір айтты. Ол Конституцияда, яғни елдің Ата заңында Құдайды еске алатын сөз жазылғаны жөн деген ұсыныс білдірді. Оның бұл пікірі адамгершілікке үндейді.

Рас. Біз кешегі Кеңес Одағының құра­мында болғанда Құдайсыз қоғамда, яғни Құдайдың атын кіші әріппен сүретін елде өмір сүрдік. Демек, Құдайдың атын ауызға алмай, қып-қызыл атеист болып өскенімізді жасырып болмайсың.

– Басты заңымызда Құдайды бір еске алып қойсақ болмай ма? Себебі, бүгінде ресейліктердің басым бөлігі Құдайға сенеді. Гимнімізде Құдай аты аталғанда Консти­туцияда неге атамасқа, – дейді патриарх.

Патиархты іле-шала Владимир Легойда бастаған діни ұйымдардың ірі өкілдері қолдап отыр. Құдайға сену біздің басымызды біріктіретін ұлы идея, бұл біздің жеке, қоғамдық, саяси болмысымызды адамгершілікке бастайтын қадам дейді ол.

Шәміл рухы оянды

Ресеймен 25 жыл соғысып, ақыр соңында соның қолынан өлген, «кіші халықтардың қолында үлкен қанжар болуы керек» дейтін ұлы Имам Шәмілдің рухы оянып жатыр.

Дағыстанда соңғы жылдары Шәмілдің бейнесі бедерленген портреттерді жиі көруге болады. Ол ХІХ ғасырдың ортасында Қап тауындағы Ресей империя­сының зұлымдығына Шешен мен Дағыс­таннан қарсы шыққан бірден-бір көкжал еді. Бұдан кейін оның әскері талқандалып, тұтқынға түсіп, Калугаға жер аударылып, Ресейге адал болуға қызмет етуге мәж­бүрлегені мәлім. Сол көкжалдың портретін бүгінде Дағыстанның автокөлік­терінен, туынан, футбол жейде­сінен көруге болады. Үйлердің қасбетінде де оның бейнесі қас­қайып тұр. Алайда, бұл әрекетке қарсы пікірлер де бас көтеріп жатыр.

– Исламда құдіреті күшті Жаратушының бейнесін салуға болмайды. Өйткені, оны адам ретінде бөлшектеп қарауға келмейді. Сол сияқты, Шәмілдің де портретін көрнекі жерлерге қою орынсыз. Исламның қағи­даты бойынша, портреті бар үйге періште кірмейді, – дейді Ставрополь имамы Расул хажы Ижаев, – алайда оны ескерткіш-тақталары қойылған жерде пайдалануға рұқсат. Суретін кітап­та сақтауға болады. Бірақ статуясын, портретін үйдің сыртына қоюға тыйым салы­нады.

Әрине, исламның қағидат­тарына мойынсұну керек. Дей­тұрғанмен де, Шәмілдің, батыр­дың рухын еске алудың адами жолдарына тыйым са­лын­баса керек. Қайран Расул Ғамзатов! Бір заманда бұл кісі де Шәмілдің рухын қорлап өлең жазып, әкесінің сесінен кейін кешірім сұрағаны да еске түсіп отыр.

Кеннедидің кереметі

Тұстастарының айтуынша, Джон Кеннеди өте тез оқып, ең басты нәрсені байқайтын болған. Тіпті, күнделікті таңертеңгісін кофе ішу кезінде АҚШ-тан шығатын 6 бас газетті тұтас оқып тастайтын көрінеді.

Джон Кеннеди жақсы оқыған. Гарвард университетін бітірген. Бірақ 1954 жылы 36 жастағы Джон оқуын қайта жалғастырады. Ол бірде ағасымен Балтомирге саяхат кезінде Д.Хопкинстің «Қалай жақсы және тез оқуға болады» деген сыныбына тап болады. Бірнеше аптадан соң арқасының қатты ауырғанына шыдай алмай оқуды тастап кетеді. Бірақ бұл оқу текке кетпеді. Бірде болашақ президент Кеннеди минутына 1200 сөз оқитынын дәлелдеді. Ол кезде ең білімді деген адамдар минутына бар болғаны орташа есеппен 250-300 сөз оқитын. Бір журналист оның бұл қабілетіне күдік келтіріп, университетке сұрау салады. Ол өз жауабына минутына 700-800 сөз оқиды деген хабарлама алады. Ал Кеннедидің өзі оған кеңесшісі Джон Кеннет Гэлбрейт 26 бет меморандумды оқу үшін уақыт белгілегенде ол небәрі 10 минут жұмсаған. Демек, минутына 1000 сөз оқыған.

Алпыстағыдан ақыл сұра, сексендегімен сырлас

Ірі компаниялар басшылыққа 50-ден асқан адамдарды таңдайды? Неге? Өйткені, олар жұмысты өте өнімді істейді екен.

АҚШ-тағы зерттеулерде дәлелдегеніндей, адам өмірінің жұмысты ең өнімді істейтін кезеңі 60 пен 70-тің арасы көрінеді. Екінші өнімділігі жағынан 70 пен 80 жастың арасы. Ал үшіншісі 50 мен 60-тың ортасы.

Атап айтсақ, Нобель сыйлығы лауреатының орташа жасы – 62.

Fortune компаниясы бас директорының орташа жасы – 63.

Америкадағы 100 шіркеудің пасторының орташа жасы – 71.

Священниктердің орташа жасы – 76.

Бұл дегеніңіз, сіздің өміріңіздегі ғажайып жылдар – 70–80 жас деген сөз. Сіз үшін бұл жаста көп шаруа тындыруға болады.

NEJM зерттеулері көрсеткеніндей, сіз 60 жасыңызда өзіңіздің күшті әлеуетіңізді көрсете аласыз, демек сексенге дейін сергек жұмыс істейсіз. Демек, сіздің жасыңыз 60-70 немесе сексенге келсе де сасатын түгі жоқ, бұл сіздің жылдарыңыздың ішіндегі ең керемет кезең.

Қ.ИМАН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *