Ғасырлар  мұрасы – адамзат  игілігіне

Сирек кездесетін қолжазбалар мен түпнұсқалар – тарихи ұзақ мерзімді қамтитын баға жетпес құнды жәдігерлер

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапха­насы»  да сала бойынша ауқымды  руха­ниятты жұмыстарды атқарып келеді.

Сексен алты  жылдық тарихы  бар, елу бір  мыңнан астам  оқырманы бар, ғылыми қоры – алты  миллионға  жуықтайтын  Қазақ­стандағы   бұл аса ірі кітапхана   өте сирек кездесетін кітаптар мен қолжазба­лардың иесі. Сирек кітаптар қоры – 91 мың дананы, қолжазбалар қоры – 22 мың дананы, шығыс әдебиеттер қоры 10 мың дананы құрайды. Шетелдік ғылыми әдебиеттер қоры —  900 мыңнан астам.   Кітапхана  әлемнің 65 еліндегі 466 ғылыми мекемемен серіктес.

Ғалымдар арасында ұлттық қор кітап­тарынан, әсіресе  тарих, әдебиет, тіл, ғылы­ми жобалар бойынша сұраныстар көбеюде. Мұнда негізінен  баспадан жаңа шыққан авторлық жеке кітаптар келгенде өнімнің саласына, мазмұнына, ғылымилы­ғына қарап  шешім қабылданады. Тұрақты жұ­мыс істейтін Қорларды қалыптастыру комис­сиясы   тарапынан әр кітап заңдық тұрғы­дан сарапталып, қорға өткізіледі. Ғылыми кітапхана болғандықтан, кез-келген кітап қабылдана бермейді.

Қолжазба ғасырлар мұрасы. Сирек кездесетін қолжазбалар мен сирек басы­лым­дардың түпнұсқалары – баяғы заман­нан бүгінге дейінгі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, әр түрлі тілдерде жазылған баға жетпес, құнды жәдігерлердің бірі. Міне, осы рухани құндылықтарымызды көздің қарашығындай күтіп-сақтап, ел игілігіне, ғалымдардың зерттеулеріне өлшеусіз үлес қосып, ұзақ жылдар (35 жылдан астам уақыт) бойы еселі еңбек етіп келе жатқан Орталық кітапхана меңгерушісі Қарлығаш Ескендірқызы Қаймақбаева басқаратын ұжымның еңбегі қандай құрметке де лайық. Олар «Рухани жаңғыру» жобалары мен бағдарларының талаптарына сай елге қалт­қысыз  қызмет етуде. Еңбек тәртібі  қатаң сақталған жерде, еңбектің де  көзге көрі­нері анық. Бізде әр ай сайын елімізге таны­мал белгілі тұлғалардың кітаптары мен шығар­машылықтары жөнінде, басқа да даталы күндерге арналған көрмелер өткізі­ліп тұрады. Мәселен, Астана, Павлодар қала­ларында, Алматы қаласының «Қазақ­стан» қонақүйінде, Түркия елінен келген қонақтар мен басқа да шетелдік мейман­дарға арналып түрлі  көрмелер ұйымдасты­рылды.

Орталық кітапханаға республика­мыздың әр  өңірлерінен, алыс-жақын шет мемлекеттерден келушілер саны баршылық. Қасиетті шаңырақта докторанттар, магистранттар, жас ғалымдар білімдерін әрі қарай жетілдіру үстінде. Сонымен бірге,  Алматы қаласындағы оқу орындарының төменгі курс студенттерінің  көптеп келуі мені өте қуантады. Өзім осы жерде күзет бөлімінде қызмет етемін. Барлығын көзім­мен көріп, біліп жүрмін. Жақында Астана­дан  Қазақ радиосының белді қызметкері, «Інжу-маржан» терме хабарының жүргізу­шісі, «Құрмет» орденінің иегері Қошан Зарлиев Орталық кітапханаға бас сұққан еді. «Бұл қасиетті шаңырақта  Д.Қонаев, Қ.Сәтбаев аталарымыздың, басқа да жақсы мен жайсандардың ізі қалған. Сондықтан да қасиетті шаңырақ — «Ғылым ордасы» деп аталады. Осыдан он  жылдай  бұрын «Алаш тарихи зерттеу орталығының» директоры, тарих ғылымының докторы, профессор  Талас Омарбеков бастаған тарихшылар­дың, ұлт тарихы жөніндегі том-том кітапта­рының шығуына қажетті дүниелердің көпшілігі осы  кітапханадан табылып, бұл жұмыстарға  менің де септігім тиген еді», — дейді Қошекең.

Өткен ғасырдың жетпісінші  жылдары профессор Талас Омарбеков ағамыз Шахан ауылының Чапаев орта мектебінде (бүгінде  айтыскер ақын Әзімбек Жанқұ­лиев атындағы мектеп) тарих пәнінен сабақ берген еді.  Ізденіс пен еңбекқорлығының арқасында, үнемі өрлеу мен өсу жолында болған Талас аға бүгінгі таңда ғылым докторы, Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі дәрежесіне дейін көтерілді. «Алаш тарихи зерттеу орталығы­ның» директоры. Ол кісінің  70 жасқа толған мерейтойына ел жақтан — Жамбыл облысы, Байзақ ауданы халқының атынан ыстық сәлемін жолдай келген, аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаев пен жастайынан кітапты көп оқып, қара сөздің шебері атанған  ақын-сазгер  Қас­қыр­бай Нарбатыр арнайы уақыт бөліп, Орталық ғылыми кітапханаға соғып, біраз рухани жәдігерлерімізбен танысты.

Ғылым ордасының киелі шаңырағы шайқалмай, ұзағынан жасап, халқы­мыздың рухани ризығының көшбасшысы бола бергей.

 

Алтынбек ЖАНҚҰЛИЕВ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *