АРАҚ – БАҒАСЫН ӨСІРУМЕН ҒАНА АУЫЗДЫҚТАЛАДЫ

%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%ba

Кешегі кеңестер заманынан қалған ең жаман әдет – елімізде алкогольді өнім­дерді жата-жастана жұтатын адам­дар саны әлі күнге дейін азаймай отыр. Сондықтан да ҚР Ұлттық экономика министрлігі маскүнемдікке қарсы кү­ресті Денсаулық сақтау министрлігі­мен бір­­лесе шындап қолға алды. Бұл жолы да аталған министрліктер «ішім­дік­­ке құмарлықты» арақ бағасын 45 пайызға дейін көтеру арқылы жоюды ойлас­тырып қойған көрінеді. Мысалы, олар барлық алкогольді өнімдер, соның ішінде, күшті арақ-шарап өнімдері баға­сын былтырғы ақпан айына қарағанда екі есеге немесе бір литрін 1380 теңгеден 1700 теңгеге дейін өсіруге шешім қабыл­дады.

Ал бұған, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының бірқатар заң­дарға өзгерістер енгізуге қол қоюы се­беп болды. Нәтижесінде, «Күшті арақ-шарап өнімде­рінің, айрықша арақтар мен арақтардың төменгі бөлшек баға­сын белгілеу жөніндегі» қаулы жобасы шеңберінде осыған дейін халыққа бір литр арақ үшін 1500 теңгедей қаржы төлеуге тура келген болатын. Осы құжатқа сәйкес биылғы 2017 жылы да бір литр алкогольді өнімнің баға­сы тағы да қымбаттап, шамамен 2 мың теңгедей соманы құрайтын болды. Ал бұл баға өткен 2016  жылғыдан 45 пайызға жоға­ры саналады. Сонымен қатар, 2018 жы­лы бір литр арақтың құны 14 пайызға көтеріле отырып, 2275 теңгені құраса, одан әрі 2019 жылы литрлі арақ құны 4 пайызға дейін өсіп, 2550 теңгедей тұратын болады.

Арақ акциздерін көтеру – мәж­бүр­ліктен туып отырған шара. Бұл ретте, отандық алкогольді өнім нарығына қатысушылар өзара келісе отырып, Ресей мен Беларусь экспортын жолға қоюға келісті. Өйткені, арақ бағасы мөлшерін өзгерту ЕАЭҚ-на мүше елдер арасында жасал­ған Келісім шеңберінде Ресейде міндетті саналады. Сондықтан, онда алко­гольді өнімдер акцизі салық­тық саясатқа сәйкес үйлестірілген.

Еске түседі, бұрындары осы арақтан келген ауруынан «бас жазу» арқылы уақыт­ша құтылған бір замандасымыз «Атаңа нәлет қу арақ, қойдың-ау мені дуалап» деп ботадай боздаған екен. Сол айтпақшы, арақ дегенің  түбінде адамды жеңбей қоймайтыны бәрімізге белгілі. Өкінішке қарай, арамызда арақтың түбінен шыға алмай жүргендер әлі де көптеп саналады. Осы ретте, ішімдік­терді баға арқылы ауыздықтау мен оның құнын қадағалаудың жоғарыда айтыл­ғандай механизмдері маскүнемдікпен күресудің кең жайылған тәжірибесі саналады.

Бұдан басқа аталған өзгертулерге сыра акциздері бағасын көтеру де кіреді. Атап айтқанда, бұрындары «янтарь сусын» атанған сыра бағасы бір литрге 26 теңге мөлшерінде қалыптасса, ендігі жерде оның бағасы осы үстіміздегі жылы-ақ  литріне 39 теңгеге дейін көте­ріледі деп күтілуде. Сөйтіп, бір литрлік сыраның жақын бола­шақтағы құны 57 теңгеге дейін жететін болады дейді.

Қысқасы, осы тұрғыдағы ҚР Үкіме­тінің тиесілі қаулысы жуық арада бұқа­ралық-ақпарат құралдарында жарық көретін болады.

 «Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *