Алматы қаласының Әкiмi Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, қызметтiк айлық ақысы еңбек сiңiрген жылдарына қарай 86334 теңгеден 116688 теңгеге дейiн (cанаты D-О-1).

Функционалдық мiндеттерi: Энер­гетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; коммуналдық шаруашылық пен энергетикалық кешен саласындағы мақ­сатты бюджеттiк бағдарламалар мен даму бағдарламаларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Өзiнiң құзыретi шегiнде энергетикалық кешен, қаланың комму­налдық қызметтерi, коммуналдық қыз­меттер мен газ жеткiзiп берушiлерi сала­сында заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру.

Конкурсқа  қатысушыларға қойыла­тын талаптар:

– жоғары техникалық, немесе заң бiлiмi.

– төрт жылдан кем емес мемлекеттiк қызмет өтiлi, немесе   мемлекеттiк тап­сырыс негiзiнде мемлекеттiк қызмет­шiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша немесе шет елдiң жоғары оқу орында­рында шет елде кадрлар даярлау жөнiн­дегi Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды  аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет­тегi бiр жыл жұмыс өтiлi  немесе мемле­кеттiк органдарда  (магистратура, бака­лавриат)  басшы немесе басқа қызметтегi үш жыл жұмыс өтiлi, немесе аталған санат­тардың нақты лауазымының атқаратын мiндеттiк бағытына  сәйкес саладағы бес жыл жұмыс өтiлi, оның iшiнде басшы қызметте екi жылдан кем емес  жұмысы немесе мемлекеттiк тап­сырыс негiзiнде мемлекеттiк қызмет­шiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша немесе шет елдiң жоғары оқу орын­дарында шет елде кадрлар даярлау жө­нiн­дегi Республикалық комиссия бекi­тетiн басым мамандықтар бойынша оқу­ды  (докторантура) аяқтаған жағдайда.

Конкурсқа қатысушыларға қойыла­тын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Кон­сти­туциясын, Қазақстан Республика­сының «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкiмшiлiк процедуралар тура­лы», «Нормативтiк-құқықтық актiлер туралы» Заңдарын, Қазақстан Республи­касы Президентiнiң 2005 жылғы 3- мамыр­дағы № 1567 Жарлығымен бекi­тiл­ген «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк этикасы туралы Ережесiн)», тиiстi қызмет саласында қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық  нормативтiк-құқықтық  актiлерiн, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын бiлу.

Осы санаттағы қызметi бойынша функционалдық мiндеттерiн  орындау үшiн қажеттi басқа мiндеттi бiлiмiнiң болуы.

Конкурс жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында (2003 жылғы   11-ақпандағы «Алматы Ақшамы», 2003 жылғы 12-ақ­пандағы «Вечерний Алматы») газеттерiнде, Интернетте: www.  kyzmet.kz. сайтында   жарияланған Әкiмшiлiк мем­ле­кеттiк қызметтердiң бос орындарын иеленуге конкурс өткiзу Ережесi негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу құжаттары жер­гiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында («Ал­маты Ақшамы», «Вечерний Алматы»   газет­терiнде) жарияланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күннiң iшiнде мына                    мекен­жайға тапсырылуы тиiс: 050001, Алматы қаласы Республика алаңы, 4, 453- бөлме.

Тест сынынан өткiзуге жiберiлген үмiткерлер одан Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң Алматы қаласы бойынша басқармасында құжаттарды қабылдау мерзiмi аяқталған соң 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Тест бағдарламасына Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақ­стан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Әкiмшiлiк процедуралар туралы», «Нормативтiк- құқықтық актiлер туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3-мамырдағы № 1567  Жар­лы­ғымен бекiтiлген «Қазақстан Респуб­ликасы мемлекеттiк қызмет­шiлерiнiң Ар-намыс Кодексi» (Мемле­кеттiк қызмет­шiлердiң қызметтiк этикасы туралы Ережесi) және  логикалық мәтiндi тест  және мемлекеттiк тiлдi бiлу тестi  кiредi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан Алматы қаласы Әкiмi аппаратында осы конкурс бойынша тест өткiзiлгеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Анықтама үшiн телефондар: 272 01 87, 271 66 60.

Алматы қаласының Әкiмi  «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы»  коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының директоры  қызметiне  орналасуға ашық конкурс жариялайды:

Қызметтiк мiндеттерi: байланыс және коммуникация саласында  қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндiрiстiк-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке жалпы басшылық ету,  халыққа мемлекеттiк ақпараттық құқықтық кадастрдi қамтамасыз ету жөнiнде бақылау жасау,  кәсiпорынды бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету, олардың құқықтық бiлiмдерiн ұтымды пайдалану және дамыту, жоспарлау, шаруашылық жүргiзу, басқарудың заманауи әдiстерiн енгiзу жөнiнде  шаралар қабылдайды.

Конкурсқа  қатысушыларға қойылатын талаптар:

– жоғары  кәсiби бiлiм;

– мамандығы бойынша басшылық қызметтегi жұмыс өтiлi экономика саласын­дағы кәсiпорын бағытына сәйкес 5 жылдан кем емес;

Қазақстан Республикасының Кон­ституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн (Жалпы және Ерекше бөлiгi), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2-шiлдедегi № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын,  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар, 1995 жылғы 19-маусымдағы  №2335 «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  15-наурыздағы № 349-1 «Мем­лекеттiк құпиялар туралы» Заңын, Қазақ­стан Республикасының осы кәсiпорын қызметiнiң саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiн бiлу.

Сонымен бiрге мемлекеттiк басқару орга­ны бекiткен, тиiстi кәсiпорын басшы­сының  бiлiктiлiк талаптары мен  қызметтiк нұсқаулықтарының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби бiлiмi  айқын­далады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10-маусымдағы № 685  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiп­орындар   басшыларын  аттестациялау және тағайындау ережелерiнiң негiзiнде  өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

– өтiнiшi;

– мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi  түйiндеме;

– еркiн  үлгiде  жазылған  өмiрбаяны;

– белгiленген тәртiпте бiлiмi туралы құжаттарының куәландырылған    көшiрмесi;

– белгiленген тәртiпте еңбек кiтап­шасының куәландырылған көшiрмесi;

– денсаулығы туралы анықтама.

Конкурс өткiзiлетiнi туралы  жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар­ландыру («Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы»   газеттерiнде) жарияланған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннiң iшiнде мына мекенжайға  тапсырылуы    тиiс: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 453, 451-бөлмелер.

Анықтама үшiн телефондар:

272-01-87, 271-66-60

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *