АҚЫЛЫ ЖОЛДАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайтын еліміздегі барлық күре жолдар алдағы 2-3 жылда ақылы болмақ. Осы ретте атап өтетіні, қазір елімізде 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол бар екен.

Бұл жөнінде «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдері айтып отыр. Ал ондағы тораптарда үйреншікті өткел тоспасы, арнайы ақша қабылдайтын құрылғылар жоқ деуге келеді. Сондықтан да оларда жол ақысын алдын-ала ұялы телефон, арнайы қосымша арқылы өтеу тәртібі қарастырылған. Әрі оларда жиналған барлық қаржы тасжолдардың күтіміне жұмсалады екен.

Қазіргі кезде конкурстық шаралар өтіп жатыр екен. Осыған байланысты «Қазавтожол» ҰК АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Асхат Оқасов: «Алдағы екі-үш жылда біз ақылы жолдар желісін тағы 32 жолға арттыратын боламыз. Әрі олардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды деп отырмыз. Бұл ретте оларда ақша жинайтын құрылғылар болмайды деген жоспарымыз бар. Оның орнына алдын-ала төлем жүйесі енгізілетін болады», – деп атап өтті.

Қазіргі таңда елімізде жалпы ұзақтығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол бар екен. Олар  «Нұр-Сұлтан–Шортанды», «Нұр-Сұлтан–Теміртау», «Алматы–Қапшағай» және «Алматы–Қорғас» аралығындағы автомобиль жолдары.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *