Олжас ЖОЛДЫБАЙ, журналист: Індетті жеңеміз!

Олжас ЖОЛДЫБАЙ, журналист: Індетті жеңеміз!
Сурет: О.Жолдыбай

Вакцинаның екінші компонентін қабылдадым. №12 қалалық емханада екпе салдырдым. Ешқандай кезексіз өттім. Өйткені KAZVAC-та бір адамға бір капсула егіледі екен. Дәрігер қыз көз алдымда құтыны көрсетті. Содан соң ісіне кірісті. Кешқұрым үйге келдім. Қарасам, ұялы телефоныма хабарлама түсіп тұр. «Құттықтаймыз! Сіз вакцинадан сәтті өттіңіз. Электрондық «Вакцинация паспорты» EGOV mobile қосышасында қолжетімді» делінген. Қазір, шүкір, жақсымын. Бәріміз жұмылсақ, КВИ-дің бетін қайтарамыз.