Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

КВН ойыншысы «Астана» футбол клубының басшылығына тағайындалды

16:55, 18 қыркүйек 2025 132

Елорданың «Астана» футбол клубының директорлар кеңесінде өзгерістер болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Alash.KZ.

Ибрагим Ақдрашевтің орнына директорлар кеңесінің мүшесі болып Малик Хасенов тағайындалды.

«Малик Темірғалиұлы бұқаралық іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында үлкен тәжірибеге ие. Ол 2019 жылы Астанада өткен хоккейден әлем чемпионатын өткізу штабына жетекшілік еткен, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласының футбол федерациясының президенті қызметін атқарған. Еңбегі үшін мемлекеттік "Ерен еңбегі үшін“ наградасымен марапатталған», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Малик Хасенов көпшілікке ең алдымен «Казахи» КВН командасындағы өнерімен кеңінен танылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар