Жақында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова елге оралған бойда әкесіне қымбат көліктің кілтін табыс етті, деп Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Бұл жайлы блогер Бақытжан Ибрагим өз парақшасында бөлісіп, "Алуа әкесіне көлік сыйлады" деген жазба қалдырған.
Желі қолданушылары чемпион қызға жылы лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын жаудырып жатыр.
"Алуа жарайсың! Құтты болсын! Сіздей қызды тәрбиелеген әкеңізге алғыс!", "Қыз деген осы ғой!" – деген сынды пікірлер көптеп жазылған.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында түркиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, алтын медальға қол жеткізген болатын.