Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Нариман Құрбанов Парижде өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды

14:04, 16 қыркүйек 2025 237

2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Парижде (Франция) өткен FIG World Challenge Cup 2025 турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық атлет ат жаттығуында үздік шықты. Нариман 15,066 ұпай жинап, бірінші орыннан көрінді.

Екінші орын Армения өкілі Гамлет Марукянға (14,800) бұйырды. Үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта (14,733) жапты.

Еске салайық, Нариман Құрбанов – Қазақстанның спорттық гимнастика тарихындағы тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар