Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үшінші алтынды қоржынға салды: Алуа Балқыбекова екі дүркін әлем чемпионы атанды

22:24, 14 қыркүйек 2025 264

Қазақ боксшысы Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалда шаршы алаңға шықты, деп жазады Alash.kz.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Балқыбекова түркиялық Бусеназ Чакыроглуға қарсы кездесті.

Алуа Балқыбекова – 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионы атанған қос дүркін жеңімпаз. Бұған қоса, ол әлем біріншіліктерінде бірнеше мәрте жүлдегер болған: 2022 жылы – күміс, 2023 жылы – қола, ал 2025 жылы – алтын медальды жеңіп алды.

Осылайша, Алуа Балқыбекова бұл әлем чемпионатындағы үшінші алтынды ел қоржынына салды. Бұған дейін ерлер құрамасы сапынан Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар