АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қатысты сабырының «жылдам таусылып жатқанын» мәлімдеп, Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізетінін ескертті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазады.
«Бұл банктерге қарсы санкциялар түрінде ауыр соққы болады, сондай-ақ мұнай мен тарифтерге байланысты шаралар қабылданады.
Танго билеу үшін екеу керек. Қызығы – Путин қаласа, Зеленский қаламады. Зеленский қаласа, Путин келіспеді. Енді Зеленский келісіп отыр, ал Путиннің ұстанымы күмәнді. Бірақ біз өте қатаң әрі шешімді қимыл жасауға мәжбүрміз», – деді АҚШ президенті.