Шерзат Полат ісінде жәбірленуші тараптың өкілі болған Мейірмен Шекеев Талғар әкімдігіне ұсыныс бергенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Шерзат қаза болған Менделеев не Руставели көшелерінің бірін Шерзаттың атымен ауыстыру туралы ұсыныс айттым. Өйткені Шерзат ақын не жазушы болмаса да, біздің қоғамды оятып кеткен бірден бір тұлға деп есептеймін», – деді заңгер.