Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Маңғыстауда кәсіпорындар жұмысшыларының 250 млн теңге жалақысын бермей қойған

18:28, 12 қыркүйек 2025 167

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері өңірдегі 19 кәсіпорынның жұмысшыларына жалпы сомасы 251,2 млн теңге қарыз екенін анықтады, деп жазды  Alash.KZ.

320 қызметкер еңбекақысын ала алмай жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңға сәйкес, жалақы ай сайын толық көлемде және белгіленген мерзімде төленуі тиіс. Уақытылы берілмеген жағдайда жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Еңбек инспекторлары қабылдаған шаралардың арқасында өңірде 240,8 миллион теңге өндіріліп, 302 қызметкердің құқығы қалпына келтірілді. 17 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы 4,2 миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар