Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Менің әкем Қайрат екеумізге 50 мың доллар құйды" - Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен не үшін жолдарының бөлінгенін айтты (ВИДЕО)

17:03, 12 қыркүйек 2025 788

Көптен ел көзіне көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев ескі досы Қайрат Нұртаспен шығармашылығын бастаған жылдарын еске алып, не үшін жолдарының екіге айырылғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бір кездері қазақ сахнасына талай хит әндерді алып шыққан өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында алғаш халық алдына шыққан жылдардағы продюсері Гүлзира Айдарбекова және оның ұлы Қайрат Нұртаспен жұмыстың табысты болғанын жасырмады. Кейін Қайратпен ойы бір жерден шықпайтынын, ұрыс-жанжалға берілгісі келмегенін сезген ол өмір жолын басқа арнаға бұруды шешкен.

- Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Біз бірге бастап шыққан кезде бірінші мақсатымыз халықты қуанту, өзімізді таныстыру болды. Ол кезде ой-өрісіміз бір жерден шығатын. Қайраттың әні менің көңілімнен шығатын. Менің әндерім Қайратқа ұнайтын. Екеуміз таңдап келген әндеріміз бірге ұнап, бәрі ұнатумен шығады ғой. Өзіңе ұнап тұрған нәрсе халыққа ұнайды. Соның бәрі жүйелі түрде жүріп келді де, аяқ жағында әркімнің өзінің ой-пікірі пайда болды. "Мынаны бүйтейікші, мынаны бүйту керек" деген сияқты. Сол жерден-ақ енді түсіндім мен. Ол жалғаса берсе, бекерге ұрыспен де, аяқталып кетуі мүмкін. Мен өзім шыны керек, ештеңені ұрыспен аяқтағым келмейді. Біреудікі дұрыс болмаса да, "сенікі дұрыс" деп, өзіңнің жолыңды ашасың. Бұның бәріне біреу кінәлі деп айтуға болмайды. Бұның бәрін басқарған Гүлзира әпкеміз болды. Гүлзира әпкеміз не десе, бәріне бағынамыз. Қазір де мен жаңа ұжым құрып отырмын. Сол жаңа ұжым біреуге ағынбаса, оны неге "ұжым" деп сайладың? Неге оны "арт-директор" деп сайлайсың? Сол кісі дұрыс деген бағытты қабылдаймыз, - деді Сырым Исабаев.

Журналистің "сіздің әкеңіз ақша құйды. Қалған жұмысты Гүлзира ханым жүргізіп отырды. Бастапқыда екеуіңізге қанша қаражат құйылды?" деген сұрағына Сырым Исабаев жүйелі, әрі жөнді жұмсалған қаражаттың есебі дұрыс болғанын айтты.

Бухгалтерсің ғой. Есептейін. Пәлен деп айта алмаймын. Бір 50 мың доллардың көлемі шығар. Менің көзқарасыммен 50 мың доллар деген екеуміздің атымызды жоғарыға шығарып жіберу үшін түк те тұрмайды. Өйткені, атақты сатып та ала алмайсың. Ол жүйелі түрде жақсылап жұмыс істегеннің арқасы болды. Менің әкем де сол жақсы жүріп кетсе деді. Гүлзира әпкем де, сол бәріміз де жеңіске жетсек деген мақсатта дұрыс қолданылды. Арлы-берлі емес. Бәрі дұрыс жүйесімен тиесілі бағытына кетіп, өзінің нәтижесін әдемі көрсетті, - деп жауап қатты әнші.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар