Ақмола облысында көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті, деп жазды Alash.KZ.
Massaget.kz хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
"Жантүршігерлік жол апаты Астана-Петропавл тасжолының 178-шақырымында болды. Жүргізуші көлік жөндеп тұрғандарды байқамай қалған", - деп жазылған мәліметте.