ҚР Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері, айтыскер ақын Ринат Зайыт қоғамдағы әлеуметтік тақырыптарды талдап, Қазақстанның сыртқы саясаты туралы шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Депутат Youtube желісіндегі "Қасқа жол" подкастына берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев айтса ғана қимылдайтын шенеуніктерді сынға алды. Айтуынша, елдің ішіндегі мәселенің бәрін шешу үшін президенттің мойнына жүк арта беруге болмайды. Елдің сыртқы жағдайының да күрделеніп тұрғанын нақты атап өтті.
Оңай емес қазір сыртқы жағдайымыз. Мына жақта анау отыр. Екі көзі аларып, ертең кіріп келем деп. Мына жақпен келістік. Қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп бер деп. Ар жақта туысқандарымыз бар. Теңіздің арғы жағында бар туыстарымыз. Олардың бәрімен келісу , ол - өте оңай нәрсе емес. Әр қайсысының қас қабағына қарап отыру. Мұхиттың ар жағында аналар отыр . Сендер не істейді екенсіңдер деп. Оның бәрімен тіл табысып келіп, жағдайын жасап беріп, ивесторлар келіп жатыр, жер асты байлықтарының заңын өзгертті. Басқалар де жұмыс істесін де....