Әнші Сырым Исабаев журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында көпшіліктің көкейінде кеткен сұрақтарға жауап беріп, Қайрат Нұртаспен арада болған жайтқа тоқталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", - деп жауап берді тасада қалған әнші.