Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі ұшқыш қаза тапты: Ұшақ әуеге көтеріле алмай, адамдар көп қоныстанған аймаққа құлады

15:09, 14 қыркүйек 2025 301

Аргентинаның Кордова провинциясында сенбі күні әуе шоуы кезінде трюктер орындаған екі орындық жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Бель-Виль қаласының аэродромында өткен іс-шара кезінде болған. Шараға қатысушылар әуеде түрлі трюктер көрсеткен.

"Қаза тапқандар – Санта-Фе провинциясының екі тұрғыны", – делінген полицияның хабарламасында.

Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Алдын ала деректер бойынша, ұшақ әуеге көтеру күшін жоғалтып, ұшу-қону жолағына соғылған. Соққыдан кейін әуе кемесі өртеніп кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар