Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аида Әбікеева өзбек қызынан басым түсіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды

23:00, 14 қыркүйек 2025 190

Қазақ боксшысы Аида Әбікеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалда жұдырықтасты, деп хабарлайды Alash.kz.

65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әбікеева өзбек спортшысы Навбахор Хамидовамен кездесті. Нәтижесінде Аида Әбікеева 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, Аида Әбікеева биыл жыл басында Сербияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар