Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мойындауға тура келеді… Ұрыс-керіске ұласуы мүмкін екенін түсіндім”: Сырым Исабаев өз шындығын айтты

13:40, 15 қыркүйек 2025 273

Сахнадан көрінбей кеткен танымал әнші, Сырым Исабаев журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Әр істің басталуы да, аяқталуы да бар. Алғашқы мақсатымыз – халықты қуанту, көңілінен шығу, өзімізді таныту болды. Сол кезде ойымыз бір арнадан табылатын. Қайраттың әні маған ұнайтын, менің әнім оған ұнайтын. Өзіңе жаққан дүние халыққа да өтімді болады. Барлығы жүйелі жүрді. Бірақ уақыт өте келе әркімнің жеке көзқарасы қалыптаса бастады. Ол жалғаса берсе, ұрыс-керіске де ұласуы мүмкін екенін түсіндім. Кейде өз пікірің дұрыс болса да, «сенікі дұрыс» деп мойындауға тура келеді. Бізге қолдау білдірген – Гүлзира әпкеміз, не десе де, соған бағынып жүрдік», – деді Сырым Исабаев.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар