Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қақтығыстың мәніне ешкім үңілгісі келмейді”. Кремль Трамптың Ресейге қатысты мәлімдемесіне үн қатты

21:25, 15 қыркүйек 2025 273

Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты сабыры таусылып бара жатқаны жөніндегі мәлімдемесіне үн қатты, 

«Ресей бәрібір де өзінің мүдделілігін және украин дағдарысын саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге дайындығын сақтап отыр. Алайда бұл үдерісті Киев қолдан тежеп отыр. Қақтығыстың мәніне ешкім үңілгісі келмейді, еуропалықтар істі тежеп отыр, олар бұл дағдарыстың бастапқы себептеріне назар аударғылары жоқ», — деді ол.

Трамп Ресейге қатысты сабыры таусылғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ол «Ресейді өте қатаң санкциялармен соққалы тұрғанын» ескерткен. Ықтимал шаралар қатарында банктерге, мұнай саласына қатысты шектеулер мен кедендік баждарды атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар