Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Терезені ұрып, қоқан-лоқы көрсетіп, пышақ шығарған“: Алматыда ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады (ВИДЕО)

17:31, 16 қыркүйек 2025 237

Әлеуметтік желілерде Алматыда болған жолдағы жанжал туралы ақпарат тарады. Айыпты жауапкершілікке тартылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Tengrinews.kz хабарлауынша, желіде тараған кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, оны сыртқа шығуға шақырған. Бұл ретте ол жүргізушіні балағаттап, автобус терезесін жұдырығымен ұрған. Ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысады. Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел видеоға түсіріп алған. Бір мезетте оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келгені байқалады.

Бейнежазба сипаттамасында "жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасағаны, кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасағаны және пышақ алып шыққаны" айтылған.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

"Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар