Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тойдан келе жатқан": Жетісудағы жол апатында көз жұмған 10 адамның барлығы бір отбасының мүшелері болып шықты

10:03, 17 қыркүйек 2025 825

Жетісу облысында орын алған жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан 10 адамның бәрі туысқандар болып шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Соңғы деректерге сәйкес, Nissan Cefiro тізгінінде небәрі 18 жастағы жасөспірім болған. Оның жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, ол көлікті рұқсатсыз мініп, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.

Қайғылы жағдай кезінде Lada ВАЗ-да отырған төрт адамның бірі, сондай-ақ Chevrolet Cobalt-та болған сегіз адамның жетеуі қаза тапқан. Жалғыз аман қалған Lada жолаушысы дәрігерлік тексерістен соң үйіне жіберілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмдардың барлығы бір әулеттің мүшелері. Олар тойдан қайтып келе жатқан сәтте апатқа ұшыраған.

Айта кетейік, Nissan Cefiro-ның қарсы жолаққа шығып кетуі салдарынан Lada мен Chevrolet Cobalt көліктерімен соқтығысқаны анықталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар