Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелім мен үшін дзюдоны тастады": Айбек Оралбай ел естімеген құпиясын жайып салды

21:04, 17 қыркүйек 2025 254

Қазақстан құрамасының капитаны әрі белгілі боксшы Айбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беріп, отбасылық өмірі мен жеке сырларымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Әйгілі спортшының айтуынша, жұбайы кезінде дзюдомен кәсіби түрде айналысқан. Дегенмен ол қазір мансабын аяқтап, толықтай отбасына көңіл бөліп жүр.

"Әйелім дзюдошы. 2016 жылы Якутияда өткен "Азия балалары" жарысында таныстық. Жол ұзақ екен, чартерлік рейспен ұштық, сонда оған көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы дзюдоны қоясың, себебі менің саған үйлентін ойым, ниетім бар дедім. Ол құлақ асып, бүгінде үйде ана болып отыр", – деді боксшы.

Айбек Оралбай сұхбат барысында балаларының спорттағы болашағына қатысты ойын да білдірді.

"Дзюдоға береміз. Бокста жүрген соң, қаншалықты қиын екенін білемін, сондықтан да қимаймын", – деп қосты ол.

Айта кетейік, Айбек Оралбай жақында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында аса ауыр салмақта сынға түсіп, чемпион атанған. Сондай-ақ, Айбек Оралбай 2018 жылы Будапештте өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі. 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен жастар арасындағы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленді.  2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар