Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Жарыс кезінде мойнын сындырып алған бала ауруханада көз жұмды

17:12, 17 қыркүйек 2025 207

Астанадағы ауруханада қазақша күрес бойынша жарыс кезінде жарақат алған ақтөбелік жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Жасөспірім ауруханаға түскен кезде жағдайы өте ауыр болған, ол жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды.

"Дәрігерлер қажетті барлық реанимациялық және емдеу шараларын жүргізді, республикалық мамандардың қатысуымен бірнеше рет консилиумдар өткізілді. Медициналық қызметкерлердің күш-жігеріне қарамастан, баланың жағдайы нашарлай берді. 15 қыркүйек күні ол қайтыс болды", – деп мәлімдеді басқармада.

7 қыркүйекте Ақмола облысында өткен қазақша күрес жарысында жасөспірім мойнын сындырып алған. Оны санитарлық авиациямен шұғыл түрде Астанадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар