Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған сәтімен қоғамда қызу талқылау тудырған депутат Ардақ Назаров өзіне бағытталған сынға жауап қатты, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, айтылған сөздер тек анаға құрмет көрсетуге шақыру болған.
"Мен анасын құрметтемей жүргендерге үлгі болсын деп айттым. Жалпы халық қарсы емес, тек кейбір адамдардың ниеті бөлек. Анасын сыйлай алмайтындар қарсы, ал ата-анасын ардақтайтындар қолдайды. Сондықтан өз бағытымнан қайтпаймын. Анасын, әкесін сыйлаған адам ғана еліне адал қызмет ете алады", – деді ол.
Журналистермен әңгіме барысында Назаров регламентті бұзды деген пікірлерге қатысты да түсініктеме берді.
"Бұздым деп ойламаймын. Қазақстанда анасын қорлап, әкесін ұрып жатқан жағдайлар бар. Менің сөзім соған өнеге болсын деген мақсатта айтылды", – деп жауап берді депутат.