Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Анашым, мен 46 таблетка іштім» - Текеліде оқушы қыз өзіне қол жұмсамақ болды

15:51, 18 қыркүйек 2025 225

Қыркүйектің 15-і күні Текелідегі 4 орта мектепте ауыр оқиға орын алды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алтын белгі» жүлдесіне үміткер 9-сынып оқушысы жүрекке қарсы 46 таблетка ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Қыздың анасы Ботагөз Тұғылбаева мектепке сынып жетекшісімен сөйлесу үшін келгенін айтты. Әңгіме барысында қызы көзіне жас алып, «Анашым, мен 46 таблетка іштім» деп мойындады.

Жедел жәрдем шақырылмады; анасы баласын ауруханаға өзі апарып, асқазанын шаяды. Қазір оқушы қыздың жағдайы бірқалыпты, ол қарапайым палатаға ауыстырылды.

Кейінірек қыз анасына бірнеше жыл бойы мектепте қорлық көргенін мойындады. 

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін мектеп қызметкерлері оның баласына және мектептің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін салдарын айтып, оқиғаны жарияламауға көндіруге тырысқан.

Жетісу облыстық білім басқармасы оқиғаны растады. Олар мұғалім мен мектеп психологы жедел жәрдем шақыруды ұсынғанын, бірақ анасы бас тартқанын хабарлады. Келесі күні қызды басқа мектепке ауыстырып, оқиғаны қарау үшін қалалық балалар құқығын қорғау комиссиясына жіберген. Оқу орнында тергеу жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар