Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Трамптың ұшағы жолаушылар ұшағына соғылып қала жаздады

14:50, 18 қыркүйек 2025 119

Президент Дональд Трамптың ұшағы Spirit Airlines әуе компаниясының Airbus A321 жолаушылар ұшағына тым жақын ұшып өткен. Бұл туралы Liter.kz Business Insider-ге сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Alash.KZ.

Оқиға Трамп Ұлыбританияға мемлекеттік сапармен бара жатқан кезде Лонг-Айленд үстінде орын алған.

Президенттік ұшақ әскери әуе базасынан ұшып шыққаннан жарты сағат өткен соң, ол Spirit Airlines-тың 1300 рейсімен бір бағытқа түскен. Бұл рейс Форт-Лодердейлден Бостонға бағыт алған болатын.

Әуе қозғалысын реттеуші диспетчер Spirit Airlines ұшағының ұшқыштарына шұғыл түрде 20 градусқа оңға бұрылуды бұйырып, бұл команданы бірнеше рет қатқыл дауыспен қайталаған. Тек содан кейін экипаж бұйрықты орындаған.

"Сол жақта ақ-көк түске боялған үлкен ұшақ – президенттік Boeing 747 ұшып барады", – деген диспетчер мен ұшқыштар арасындағы радиожазбадан журналистер үзінді келтірді.

Кейін екі ұшақтың жолдары Лонг-Айленд-Саунд бұғазының үстінде бір минут айырмашылықпен және 9 мың фут (шамамен 2,7 км) биіктікпен қиылысты. Қақтығыс болмағанымен, диспетчер Spirit Airlines экипажына ескерту жасап, жағдайды мұқият қадағалау керектігін айтты.

Spirit Airlines компаниясы рейс барлық нұсқауларды орындап, Бостонға сәтті қонғанын мәлімдеді.

Президент Трамптың ұшағы да ешқандай оқиғасыз Лондонға жетіп, мемлекеттік сапары басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар