Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

28 млрд теңге - Қайрат Сатыбалдының баласына тиесілі базар сатылымға шығарылды

16:02, 18 қыркүйек 2025 200

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі «Байсат» базары сатылымға шығарылды, деп жазады Alash.KZ.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna порталында «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы ашық электрондық саудаға қойылғанын хабарлады.

Аукцион 2025 жылдың 18 қарашасында сағат 10:00 өтеді. Бастапқы баға: 28 639 882 000,00 теңге.

— Аукцион ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өткізіледі. Активтерді сату «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» қызметі аясында жүзеге асырылады. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады, — деп хабарлады Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Еске салайық, 2024 жылдың қаңтарында Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базарының бір бөлігі мемлекетке қайтарылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар