Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы діндер съезінде Израиль өкілінің сөзі дау тудырды

10:47, 18 қыркүйек 2025 915

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде Израиль өкілінің мәлімдемесі мұсылман делегаттарының наразылығына себеп болды, деп жазады Alash.KZ.

Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер:
– Мен қасиетті Израиль жерінен келдім. Соңғы екі жыл біз ауыр соғыстың қақ ортасында өмір сүріп жатырмыз. Бірақ бұл қақтығыстардың дінге еш қатысы жоқ. Иудаизм ешбір дінге қарсы емес, - деді ол.

Алайда бұл сөздер залдағы делегаттардың бір бөлігінің көңілінен шықпады. Мұсылман дәстүрлі киіміндегі бірнеше өкіл орнынан тұрып, сыртқа шығып кетті. Ал Түркия делегациясы барлық назарды Газадағы зұлымдықты тоқтатуға аудару керектігін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар